Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет122/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
77-сурет. Сҧңғыла тҥрлері: 
1 – күнбағыс сұңғыласы; 2 – египет сұңғыласы; 3 – бұтақты сұңғыла 
Күнбағыс сұңғыласының (О. Cumana) (77, 1-сурет) сабағында 
қабыршақ тәрізді жапырақтары болады. Олар кезекпен орналасып, 
ұшындағы гүл шоғыры мен масақтарында кӛптеген (60-100 мың) майда 
тұқым түзiлeдi. Бұл сұңғыланың тұқымы домалақ, қара-қоңыр түсті, 
желмен оңай таралады. Тұқым ұрығы жетілмеген, сабақ пен тамырға 
бӛлінбеген, тұқым жарнағы да болмайды, ол тек қоректік затқа бай бip топ 
клеткалардан тұрады. Сұңғыла тұқымы ие-ӛсімдік тамырынан бӛлінетін 
заттардың әсерінен ӛнеді. Ұрықтан жіңішке ӛскін дамып, ие-ӛсімдік 


170 
тамырына сорғышының кӛмегімен жалғанады да, осы тұсы жуандайды. 
Түзілген сорғыштар ӛсімдік ұлпасына еніп, қабығынан сүрекке ӛтеді. 
Сорғыштарда кейін түтіктер дамып, олар ие-ӛсімдік тамырының 
түтіктерімен қосылады. Жуандаған бӛліктің сыртында қабыршақты 
бұршақ пайда болып, одан сабақ дамиды. Әр сабақта 18-40 күлгін түcтi 
гүлдер түзіледі де, ішінде 1500-2000 тұқымы бар жеміс қауашағына 
айналады. Eгicтіктe сұңғыла тұқымы кӛп болса, онда бip күнбағыста 200 
сұңғыла сабағы дамиды. Сұңғыланың бұл түрі күнбағыстан басқа темекі
мақсары, қызанақ және т.б. ӛсімдіктерден қоректік заттар алады. 
Бұтақты сұңғыла (O. ramosa) (77, 2-сурет). Сабағы жіңішке, 
бетінде сирек орналасқан қабыршағы бар, етек жағы жуандау, ӛте кӛп 
жанама бұтақтар түзеді. Бұл сұңғыланың гүлдері ұсақ (10-15 мм), кӛкшіл 
сия түсті. Тұқымы домалақ пішінді. 
Египет сұңғыласы (O. aeqypthiaca) (77, 3-сурет). Сұңғыланың бұл 
түрі ұзын сабақты (35 см дейін), ашық реңді, бұтақталуы топырақ астында 
жүреді. Олардың гүлдері ірі, диаметрі – 23-27 мм, түтік пішінді, ашық 
кӛгілдір сия түсті. Тұқымдары – домалақ пішінді. 
Сұңғыламен залалданған ӛсімдіктердің ӛcyi саябырлап, себеті 
кішірейіпдәннің майлылығы тӛмендеп, ӛнімі 70%-ға дейін кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет