Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Кҥнбағысты аурулардан қорғау шаралары



Pdf көрінісі
бет123/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.2.6 Кҥнбағысты аурулардан қорғау шаралары 
Күнбағысты 
аурулардан 
қорғау 
жүйесі 
тұқым 
ӛндіру, 
агротехникалық және химиялық күресу шараларына негізделген. 
Тұқым шаруашылығының міндеті – аурудан сау, жоғары сапалы 
тұқымдық материал ӛндіру. Сондықтан тұқымдық учаскелерді вегетация 
кезінде ауру ӛсімдіктерден үш қайтара тазалау қажет: бipiншici – 2-3 қос 
жапырақ пайда болған кезде; екіншісі – гүлдеу алдында; үшіншici – ӛнімді 
жинауға дейін. Осы аталған кезеңдерде танаптағы ауруға шалдыққан 
ӛсімдіктерді тамырымен қоса жұлып алып, танаптан шығарып, жою. 
Тұқымды сау ӛсімдіктен жинап, кeптipiп, тазалап, ipiктey. 
Агротехникалық шаралар: ауыспалы eгicтіктi қатаң сақтау
күнбағысты бұрынғы танапқа 8-10 жылдан бұрын қайта екпеу; оны жақсы 
алғы дақылдар – бидай, жүгері, арпадан соң егу; тұқымдық және тауарлық 
танаптарды (бұрынғы және кейінгілерін) бip-бipiнeн кемінде 1000 м 
қашықтықта алшақ орналастыру; ауруға тӛзімді аудандастырылған сорттар 
мен гетерозистік будандарды енгізу. 
Топырақтағы инфекция қорын жою және ӛсімдіктің ауруға 
тӛзімділігін арттыру мақсатында: 
1. Топырақты егінді себер алдында, тұқым себілген соң және 
ӛскін пайда болған кезде тырмалау; 
2. Себу тереңдігінде топырақ температурасы 8-14°С аралығында 
тұқымды мерзімінде егу; 
3. Себу тереңдігін (6-8 см), егістікте ӛсімдік санын сақтау 


171 
(ӛсімдіктің жиілігі шірік ауруына жағдай туғызады); 
4. Күнбағысты ӛcipy технологиясының талаптарын қатаң сақтау; 
5. Ауру 
қорын жинайтын және таратушы арам шӛптер, 
зиянкестермен үнемі күресу; 
6. Склеротиниоз (ақ шірік) және ботритиоз (сұр шірік) ауруларынан 
сақтау үшін ӛнімді қысқа мерзімде шығынсыз жинау; 
7. Ӛсімдік қалдықтарын жинап, танаптарды 6-10 см сыдыра 
немесе терең (30-32 см) сүдігер жырту; 
8. Күнбағыстың ауруларға тӛзімділігін арттыру мақсатында сүдігер 
жырту алдында минералды тыңайтқыштармен, әcipece фосформен 
тыңайту. 
Химиялық шаралар: тұқымды себер алдында республикада 
ұсынылған және рұқсат етілген тізіміндегі препараттармен арнайы ПС-10, 
ПУ-3 "Мобитокс" машиналарымен дәрілеу. 
Вегетация кезінде аурулардың алғашқы белгілері білінгенде 
Қазақстан Республикасы территориясында рұқсат етілген тізім бойынша 
арнайы препараттармен ӛңдеу.
Күнбағыстың пiciп жетілуін тездету және себет шіріктерінің дамуы 
мен таралуын тежеу мақсатымен ӛсімдікті жаппай гүлдеуден кейін (40-45 
күн) реглон супер (2 л/га) немесе магний хлораты (15-20 кг/га) 
десиканттарымен ӛңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет