Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет118/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
 
 


163 
3.2 Кҥнбағыс аурулары 
3.2.1 Жалған ақ ҧнтақ 
Жалған ақ ұнтақ – Республиканың күнбағыс егілетін барлық 
аймақтарында кездесетін дерт. Кеселдің алғашқы белгісі ӛсімдіктің екінші 
қос немесе кейінгі жапырақтары шыққан кезде біліне бастайды. Даму 
ерекшеліктеріне байланысты күнбағыстың жалған ақ ұнтақ ауруы 5 түрге 
бӛлінеді: 
Бiрінші түpi – ӛсімдіктің ӛcyi күрт саябырлап, сабақтары жіңішкеріп, 
биіктігі 15-30 см болып, тамыр жүйесі нашар дамып, майда хлорозды 
жапырақтар орта (негізгі) жүйкесі бойымен ширатылады. Жапырақтың 
астыңғы жағында ақшыл, кейін сұрланатын ӛңез пайда болады. Ауруға 
шалдыққан ӛсімдіктер гүлдемей қурайды (73-сурет). 
Екінші түpi – ӛciмдiктiң ӛcyi саябырлап, сабағының биіктігі 50-100 
см болып, жуандап, буынаралығы нашар дамиды. Ауру ӛciмдiктің 
тұқымдары майда, әлжуаз болады. Жапырақтары бүрісіп, үстіңгі бетінде 
бұрышты дақтар, ал астыңғы бетінде ақ ӛңез түзіледі (73-сурет). 
Yшiншi түрі – жақсы ӛciп-жетілген ӛсімдікте білінеді. Жапырақтың 
үстіңгі бетінде ipi, бұрышты, майлы, ашық-жасыл түсті дақтар түзіліп, ал 
астыңғы бетінде – ӛңез пайда болады. 
Тӛртінші түрі – ауру белгісі сырттай байқалмайды. Қоздырғыш 
ӛсімдіктің топырақ асты мүшелерін залалдап, топырақ бетіндегі 
мүшелеріне таралмауы да мүмкін. Егер саңырауқұлақ жіпшумағы 
сабақтың етегіндегі топырақ үсті мүшелеріне (25-30 см) енсе, онда сабақ 
ашық-жасыл, ал ӛзегінің сыртына қарай орналасқан клеткалары ашық-
қоңыр түсті болады. 
73-сурет. Кҥнбағыстың жалған ақ ҧнтақ ауруы: 
(сол жағында – 1-түрі, оң жағында – 2-түрі) 


164 
Бесінші түpi – залалданған ӛсімдіктің ӛcyi тежелген, бірақ себеті 
дамыған ӛсімдіктерде кездеседі. Қоздырғыш себетке еніп, тұқым ұрығын 
залалдап, дән қабығы бос қалады.
Кеселдің бipiншi, екінші түрлерінің белгілері ӛскін кезінде алғаш 
залалданған ӛсімдіктерде білініп, саңырауқұлақ жіпшумағы ӛсімдік 
бойымен диффузды таралады; үшінші, бесінші түрлері ӛсімдік қайта 
залалданғанда білініп, қоздырғыштың жіпшумағы жергілікті таралады, ал 
тӛртінші түрі – тұқымы арқылы таралып мен ӛсімдік егістікте қайта 
залалдануында дамиды. Кеселдің жоғарыда аталған түрлері ӛсімдік 
сортының ерекшелігіне және ауруға тӛзімділігіне байланысты болады.
Күнбағыстың жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Oomycetes 
класының Peronosporales қатарына жататын Plasmopara helianthi Nov
саңырауқұлағы. Саңырауқұлақтың тарамдалған жуан жіпшумақтары 
күнбағыс жапырағында клетка аралығымен таралып, гаусториялар арқылы 
қоректенеді. Леп тесігінен тармақталған зооспорангий тасушылар шығып, 
олардың ұшында мӛлшері 17-40 15-22 мкм, пiшiні жұмыртқа тәрізді 
зооспорангийлер (конидиялар) түзіледі. Зооспороангийлер бip-eкі сағат 
ішінде ӛнеді, бipaқ орта температурасы 2°С тӛмен немесе 26°С жоғары 
болса олар тipшiлік қабілетін жояды. Зооспоралар қозғалу қабілетін 
бірнеше сағат бойына сақтап, кейін талшықтарын жойып, жуан жіпшеге 
ӛніп, ӛсімдікке енеді. Тамшы күйіндегі ылғал және 15-18°С деңгейіндегі 
жылу аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады. 
Залалданған күнбағыс ӛсімдігінің тамыр, жапырақ, сабақ 
ұлпаларында вегетация кезінде ооспоралар түзіледі. Олардың пiшiні шар 
тәрізді, қалың, тығыз, түci сарғыш қабығы болады. Ооспоралар ӛсімдік 
қалдықтарында, топырақта жеті жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ 
тұқымға еніп жіпше түрінде де сақталады. 
Ауру аса зиянды. Залалданған ӛсімдіктер бойынан су қарқынды 
буланып, кӛмірсудың алмасуы бұзылып, eгicтiк сиреп, тұқым ӛнімі (5-6 
ц/га) кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет