Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет124/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.3 Tемекі аурулары 
Темекі ӛсімдігі саңырауқұлақ, бактерия, вирус және т.б. 
қоздырғыштардың әсерінен әр түрлі ауруларға шалдығады. Пероноспороз, 
шұбар бактериоз, тамыр және сабақ шipіктepi темекі кӛшеттеріне аса кӛп 
зиян келтіреді. 
Егістікте темекі кеселдерінің кӛптеген түрлері кездеседі. Қолайлы 
жағдайда олардың әркайсысы қayiптi, сондай-ақ вирус аурулары мен 
сұңғыланың да зияндылығы жиі кездеседі. 
3.3.1 Кӛшет шipiгi немесе қара сирақ 
«Қара сирақ» деп аталатын бұл кесел 
жылыжайларда 
үнемі 
кездесіп, 
темекі 
кӛшеттерінің тамыр мойны мен сабағының 
етегін шірітеді. 
Алғашында кесел шалған кӛшет сабағының, 
тамыр мойны тартылып, ауруға шалдыққан 
бӛлігі 
жіңішкеріп, 
ӛсімдік 
жойылады. 
Залалданған 
мүшелердің 
бетінде 
және 
айналасында, түci ақ кейде қоңыр киізді немесе жеңіл ӛңез түзіледі (78-
сурет). 
78-сурет. Темекі кӛшетінің қара сирақ ауруы:залалданған сабақ және 
тамыр мойны 


172 
Аурумен алғаш жеке немесе бip топ ӛсімдік залалданып, кейін 
басқаларына жұғып, кӛшеттіктің едәуір бӛлігіне таралады. Әдетте бұл 
ауруға ӛcipy технологиясы дұрыс сақталмаған жағдайда кӛшетхананың 
нашар желденуі, ӛсімдік санының шамадан тыс жиілігі, суық сумен суару, 
температураның 
тұрақсыздығы, 
сондай-ақ 
бірыңғай 
азот 
тыңайтқыштарымен қоректендіру нәтижесінде дамуы нашар, нәзік 
кӛшеттер шалдығады. 
Темекікӛшетінің қарас сирақ ауруының қоздырғышы – Pythium 
debaryanum Hesse, Rhizoctonia solani Kuehn. саңырауқұлақтары. 
P. 
debaryanum 
саңырауқұлағымен 
залалданған 
ӛсімдіктің 
мүшелерінде бip клеткалы жіпшумақта зооспорангий тасушылар мен 
зооспорангийлер пайда болады. Түзілген зооспоралар ылғалды ортада 
ӛсімдікті залалдайды. 
Ӛсімдік 
ұлпаларында 
жынысты 
кӛбею 
нәтижесінде 
саңырауқұлақтың пiшiнi домалақ, қалың қабықты, диаметр! 15-8 мкм, 
қыстайтын ооспоралары түзіледі. Тыныштық кезеңнен ӛткен соң 
ооспоралар 
ӛніп, 
зооспорасымен 
зооспорангийлер 
береді. 
Саңырауқұлақтың қолайлы даму температурасы 16-19°С. 
R.solani саңырауқұлағы тармақталған, кӛп клеткалы, алғаш түссіз, 
жуан (7-10 мкм) жіпшелерден тұратын жіпшумақ түзіп, кейін оның түci 
күңгірттеніп, 
жеке 
бӛліктерге 
ыдырайды. 
Саңырауқұлақ 
кейде 
склероцийлер түзеді. Қоздырғыш 20°С жоғары температурада дамиды. 
Аталған саңырауқұлақпен басқа да ауыл шаруашылық дақылдарының да 
кӛшеттері залалданады. Инфекцияның ненегізгі қоры – залалданған 
ӛсімдіктер мен топырақ. 
Бұл кеселдің салдарынан кӛшеттіктерде кӛшет сирейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет