Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет15/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Облигатты паразиттер паразитизм құбылысының ең жоғарғы 
деңгейін сипаттайтын ағзалар. Олар тек тірі ӛсімдіктердің ұлпаларында 
ғана ӛсіп-жетілуге қабылетті. Олардың тек жеке бір түрлерін ғана құрамы 
ӛте күрделі жасанды қоректік ортада ӛсіруге болады. Облигатты 
паразиттер қатарына барлық вирустар мен вироидтар және ӛсімдік 


17 
ауруларының қоздырғыштары болып табылатын саңырауқұлақтардың 
бірқатар түрлері жатады (жалған және нағыз ақ ұнтақ, тат, қара күйе тағы 
бірқатары). Бұл ауру қоздырғыштарының ӛсімдік қалдықтарында 
тыныштық күйдегі формалары сақталады. 
Сонымен қатар ауру қоздырғыш паразит ағзалар ӛсімдік бойында 
ӛсіп-ӛну орнына байланысты эндопаразиттер мен экзопаразиттер болып 
екіге бӛлінеді. Эндопаразиттер – негізінен ӛсімдік мүшелерінің бетінде 
ӛсіп-жетілетін ағзалар болса, экзопаразиттер – ӛсімдік бойында, клетка 
ішінде немесе клетка аралықтарында тіршілік етуге бейімделген ағзалар. 
2.2.1 Патогендік, вируленттілік және агрессивтік 
Ӛсімдік ағзасына әсер етуіне байланысты ауру қоздырғыш 
ағзалардың патогендік, вируленттілік және агрессивтік қасиеттері 
ажыратылады. 
Ағзалардың белгілі бір ӛсімдіктің ауруын қоздырып, оған зиян 
келтіретін қасиеті патогендік деп аталады. Мысалы, картоптың рак ауруы 
қоздырғышының картопқа патогендік әсері бар, алайда ол бидайға 
патогенді емес. Ал қастауыш ауруының қоздырғышы кейбір егістік 
дақылдарға патогендік әсері бар. 
Белгілі бір ие ӛсімдіктердің паразиттік қабілетін анықтайтын 
патогендіктің сапалық тарапы вируленттілік деп аталады. Мысалы, 
картоптың рак ауруының қоздырғышы вируленттілігі бойынша біркелкі 
емес: физиологиялық нәсілдер кейбір картоп сорттарына вирулентті, ал 
басқаларына вирулентті емес. Вируленттілік белгісі ауру қоздырғышын 
физиологиялық нәсілдерге бӛлу мақсатында қолданылады. 
Патогендік қасиеттің сандық тарапын агрессивтік сипаттайды. 
Агрессивтік – патогеннің ӛсімдік ұлпасында кӛбеюге қабілеттілігі. Ол 
мынадай қасиеттермен сипатталады:
инкубациялық кезеңнің ұзақтығы; 
ӛсімдік ұлпасының бойымен таралу жылдамдығы; 
спора түзу қарқындылығы (саңырауқұлақтар үшін); 
ауру қоздыруға қабілетті инфекциялар саны және тағы бірқатар. 
Патогеннің агрессивтік қасиеті басқаларына қарағанда ӛзгергіштігі 
жоғары және қоршаған орта жағдайларына байланысты әркелкі болуы 
мүмкін. 
Патогеннің вируленттілігі агрессивтік тек белгілі бір деңгейінде ғана 
айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет