Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет142/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

98-сурет. Қызылшаның сары ауруы 
Сарғыштану вирусымен залалданған ӛсімдіктің жапырақтары сәл 
сарғыш түске енеді. Вирусты бітелер таратады. Қоздырғыш тұқымдық 
ӛсімдіктер мен арам шӛптерде (гүлтәжі, кӛкпек, бақбақ, және т.б.) 
сақталады. 


194 
Сары ауруының салдарынан жапырақтар мерзімінен бұрын қурап, 
фотосинтез үрдіci бұзылып, тамыржемістің ӛнiмi мен қанттылығы кеміп
тұқым сапасы тӛмендейді. 
3.4.18 Ризомания 
Қант қызылшасының ризомания ауруының белгілері алғаш 1952 
жылы Италияның солтүстік ӛңірінде байқалы, 10 жылдың ішінде Италия 
территориясына тұтас тарады. Одан соңИталиядан ризомания басқа Батыс 
Европа елдеріне: 1971 жылы Франция және Югославия, ал 1972 жылы – 
Греция елдеріне тарады. Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ризомания 1973 
жылы Қырғызстанда, одан соң Қазақстанда табылды. Қоздырғышы 
анықталғанға 
дейін 
ризоманияның 
туындау 
себебі 
топырақта 
микроэлементтердің жетіспеуі, немесе нематоданың зақымдау салдарынан 
деп есептелді. Бүгінгі күні бұл республикада кең таралған кеселдердің бірі. 
Залалданған тамыржемістер майдаланып жетілмей, тӛменгі бӛлігі 
қысқарып, деформацияланады. Бip-бipімeн тұтасып ӛскен майда 
тамыршалар тек 10-15 см топырақ тереңдігінде енеді. Ауруға шалдыққан 
тамыржемістер қатайып, талшықтанып, түтіктері сүректеніп, вегетация 
кезінде құрғақ фузариозға ұқсап шіриді (99, 2-сурет). Дерт шалған 
қызылша ӛсімдіктерінің ширатылып, қуаңышылық жағдайда жылдам 
солады (99, 1-сурет). Жаздың басында жеке ӛсімдіктердің кейбір 
жапырақтарыбүрісіп, жүйке бойымен ағарады (99,3-сурет).
Ыстық, құрғақ 
ауа райы жағдайында ауру ӛсімдіктер қурап, жойылады. 
99- сурет. Ризомания ауруына шалдыққан қызылша белгілері 
 
Ризомания ауруының қоздырғышы – қызылша жапырағының 
жүйкелерінің некрозды сарғаюының вирусы (КЖНСВ). Алғаш ризомания 
1969 жылы табылған Жапонияда ауру қоздырғышының вирус текті екені 
анықталып, қызылша жүйкелерінің некроздық сарғаю вирусы (ҚЖНСВ) 


195 
бӛлініп алынды. Бұл вирусты тасымалдаушы Polymyxa betae Keskin 
саңырауқұлағы 
болып 
табылады. 
Вирус 
аталған 
саңырауқұлақ 
жіпшелерінде дамып, жылдар бойы тipшiгiн сақтайды. Сонымен қатар 
арамсояу да ауру қоры болуы мүмкін. 
Жоғары температура және топырақтың шамадан тыс ылғалдануы 
ризоманияның дамуына қолайлы жағдай туғызады, ал салыстырмалы 
құрғақ топырақта бұл ауру кездеспейді. 
Ризомания ӛте зиянды кесел. Оның әсерінен қызылша ӛнімі 38%, 
қанттылығы 2-3% тӛмендеп, тұқым сапасы кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет