239
Қоздырғыш сәбіз және басқа да крестгүлділерді залалдайды. Инфек-
ция қоры –
залалданған тұқымда, ӛciмдік қалдықтарында, тамыржемісте
қыстайтын саңырауқұлақ жіпшелері мен конидиялары.
Кеселдің
зияндылығы
мол.
Қоймада
дұрыс
сақталмаған
тамыржемістер түгел шipiп, жойылады.
4.3.3 Сулы шipiк
Сулы шірік кең таралған сәбіз ауруы. Ол
тұқымдық және сақтауға
салынған тағамдық сәбізді залалдайды.
Сәбіз тамыржемісінің сулы бактериалды шірік ауруы танапта да,
қоймада да байқалады. Танапта залалданғанда сәбіз тамыржемісінің
құйрығы жағынан бастап сула дақтар пайда болады. Олар ӛсімдіктің
солуына соқтырады.
Алайда кеселдің
зияны сақтау кезінде
кӛбірек болады. Бұл кезде дақтар негізінен
тамыржемістердің бас жағынан бастап түзіледі.
Бұл дақтар бастапқыда қоңыр түсті болады да
ауру меңдеген
сайын дақтар бірте-бірте
ұлғайып,
қараяды
(139-сурет).
Дертті
тамыржемістер суланып, тауарлық және дәмдік
қасиеттерін жоғалтады. Залалданған ұлпа
босап, жағымсыз иісті,
ботқа тәрізді массаға
айналып,
шіриді.
Қоймада
дерт
ауру
ӛсімдіктерден сауларына тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: