Нормативтік сілтемелер 3 белгілеулер мен қЫСҚартулар



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата28.10.2023
өлшемі1.33 Mb.
#481848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
МАГИСТРЛІК ЖОБА

 
 
5-
сурет – Сауалнамаға қатысушылардың медиацияны білу не білмеуі 
туралы жауабы 
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған 
Даулар туындаған жағдайда оларды қандай тәсілмен шешу тиімдірек 
екендігі жайлы сауалнамаға қатысушылардың пікірлерін 6-суреттен көруге 
болады. Респонденттердің 32 % ешқашан медиаторларға жүгінбегендерін, 
дауларды шешу үшін тек сотқа жүгініп отыратындығын ескерсек, қалған 68 % 


33 
медиацияның тиімділігін көрсеткен. Әрине осы 68% ішіндегілердің 28,5%
медиацияны қалай тиімді деп санаса, сотқа жүгінуді де солай тиімді деп 
есептейді екен (6-сурет).
6-
сурет – Сауалнамаға қатысушылардың дауды қалай реттеу тиімді 
екендігі жайлы жауабы
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған 
Сауалнамаға қатысушылардан өздері жұмыс жасайтын салада не ұйымда 
еңбек дауларын шешу үшін медиаторларды тарту қажеттігі жайлы сұралды. Осы 
ретте, қатысушылардың басым көпшілігі, нақты айтқанда 66,5% еңбек дауларын 
реттеуге медиаторларды тартудың аса қажеттігі мен маңыздылығын белгілеп 
кеткен. Бұл жоғарыда айтылғандай алдағы уақытта медиация тәсіліне 
жүгінушілердің саны артатындығы жайлы болжамды растап отырғандай. 
Сонымен қатар, азаматтық тәртіппен қаралатын даулардың ішінде еңбек 
дауларының азаймауы да азаматтарымызды толғандыратындығын және бұндай 
санаттағы дауларды ушықтырмай, бітімгершілікпен шешу жолдарын 
қалайтындығын көрсетеді деп ойлаймыз. Ал енді еңбек дауларын медиация 
тәртібімен шешу мүмкін емес деп қарайтындардың үлесі 16,5%, ал жауап беруге 
қиналғандар қалған 17% құрап отыр (7-сурет).
Енді бесінші сұрақтан кейін, яғни еңбек дауларына медиаторларды 
тартудың маңыздылығы жайлы пікірден кейін, респонденттердің жұмыс
еңбек 
қатынастары барысында жиі кездесетін қақтығыстарды және оның қайсысын 
медиаторлармен реттеуге болатындығы жайлы пікір сұралды. 8-суретте көріп 
отырғандай еңбек қатынастарында жиі кездесетін даулар жұмыстан босатуға
жұмыс орнын қысқартуға (50%) және жалақыға қатысты (49,5%) болып отыр. 
Олардан кейінгі сатыда басшының қарамағындағыларды қорлауға 
қатыстылығын көрсетуде 34,5% (8-сурет). 


34 
7-
сурет – Медиаторларды тарту қажеттілігі жайлы жауабы 
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған 
8-
сурет – Жиі кездесетін еңбек қақтығыстары 
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған 


35 
Медиацияның сапасын бағалауға қатысты сауалдар 9-суретте 
көрсетілген. Бұл жерде жауап берушілердің 47% бейтарап екенін білдірсе, 39,5% 
оң бағалайтындарын білдірген. Медиацияға теріс баға беретіндердің үлесі 8,5% 
құраса, медиацияға мүлдем жүгінбегендіктен қандай да бір баға бере 
алмайтындарын қалған 5% жауап берушілер көрсеткен (9-сурет).
9-
сурет – Медиация сапасын бағалау 
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған 
Соңғы 10-суретте медиаторлардың жұмыстарынан не күтетіндігі жайлы 
сұраққа рсепондеттердің 38% бірдей «эмоционалдық және материалдық 
шығындардың аз болуы» мен оңтайлылықты (аз уақыт пен күш 
жұмсалатындғын) таңдаған. Қалған жауаптарды төмендегі суреттен көруге 
болады. 
10-
сурет – Медиаторлардың жұмысынан күтілетін нәтиже 
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған 


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет