Нормативтік сілтемелер 3 белгілеулер мен қЫСҚартулар



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата28.10.2023
өлшемі1.33 Mb.
#481848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
МАГИСТРЛІК ЖОБА

Қорытынды 
 
Жалпы медиаторлар қауымдастығы белсенді жұмыс жасап жатқаны 
байқалады. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп жұмыс 
жасап жатқан қоғамдық медиаторлары мен өңірлердегі қоғамдық даму 
басқармалардың мемлекеттік тапсырысы негізінде жұмыс жасап жатқан 
медиация орталықатарының еңбектері. Дегенмен кәсіби медиаторлардың 
жұмысын одан әрі белсендету үшін мемлекеттік органдардың да тұрғындар мен 
ұжымдарға түсіндірме жүргізгені жөн болар еді деп санаймыз. Себебі бір ғана 
қоғамдық даму басқармасының тапсырысына қарап қалмай, құзырлы 
мемлекеттік органдар да атсалысса, еңбек дауларын сотқа жүгінбей 
медиациямен реттеуге қызығушылық білдіретіндердің саны көбейіп, оның 
тиімділігі артады деп ойлаймыз. 
Құзырлы 
мемлекеттік 
органдар 
медиация 
орталықтарымен 
меморандумға отырып, соның аясында жұмыс жасаса деген ұсынысты алға 
тартқан жөн деп санаймыз. 
Сонымен қатар, еңбек дауларын реттеудегі медиацияны кеңінен қолдану 
және оның маңыздылығын арттыру үшін НҚА-не өзгерістер енгізулер арқылы 
қол жеткізуге болады. Ол үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 
159 және 164-баптарына еңбек дауларын сотқа дейін қарау реттігіне медиация 
тәсілі арқылы қарау мүмкіндіктерін енгізу ұсынылады. 
Себебі, еңбек даулары бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу тәсілі 
ретінде медиацияны қолдануға мүмкіндік шектелген.
Атап айтқанда ҚР Еңбек кодексінің 159-бабының 1-бөлігінде «Жұмыс 
беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес 
адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, 
заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының 
басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да 
мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – 
келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы 
шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды» [5], - деп бекітілген. 
Көріп отырғандай бұл бапта дауды сотқа дейін реттеу тәсілі ретінде 
медиация мүлдем көрсетілмеген. Яғни, тараптар арасында еңбек қақтығысы 
туындап, оны реттеу үшін екі жақтың бірдей келісімімен медиатор таңдалып, 
медиация өткізуге келісіп, істі бітімгершілікпен аяқтауға қаншама әрекет 
еткенмен, дау медиатор арқылы реттелмеген жаағдайда, соттар бәрібір 
жоғарыдағы баптарда бекітілген нормаға сәйкес, медиация тәртібін сотқа 
дейінгі реттеу рәсімі ретінде қарамайды және талап арызды қабылдаудан бас 
тартады. Әрине бұл тараптарды әуре-сарсаңға салып, қайтадан келісім 
комиссияссын құруға жүгінуге мәжбүрлейді, ал еңбек даулары бойынша 
шағымдану мерзімінің қысқа екенін ескерсек, шағым беру мерзімін өткізіп алу 
тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін. 
Сондықтан медиацияны еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәсілі 
ретінде заңмен бекітудің маңызы зор. 


37 
Өз кезегінде, бұл еңбек даулары туындаған жағдайда тараптардың тек 
келісім комиссиясын немесе еңбек арбитраждардың құрылып, шешімін күтіп 
отырумен шектелмей, уақытты тиімді пайдалану үшін өз таңдауларын алға 
тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз.


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет