Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Кілт сҿз. Білім,тҥсіну, қолдану, жҥйелеу  Summary



Pdf көрінісі
бет179/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Кілт сҿз. Білім,тҥсіну, қолдану, жҥйелеу 
Summary. "Teacher is a person, who create our independent state. Because the key to the 
country's future is today's young generation. The fate of the younger generation is in the hands of 
teachers, who shed light on knowledge and well-being. As the President noted, "Only a highly 
educated, talented, wise and patriotic teacher can bring up a worthy generation. Today, the teacher 
should not just give children a set of knowledge, but most importantly, they should teach them to 
learn all about life».
Keyword. Education, Understanding, Uses, Systematization 
Мектептегі басты тҧлға мҧғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар 
ерекше дамыған заманның ӛзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мҧғалім рӛлін 
ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер кӛрсетіп 
отыр. Демек, мҧғалім біліктілігі, бҧл еліміздің бҥкіл білім беру жҥйесін алға 
бастырып, оны заман талабына сай етіп қҧрудың негізгі алғышарты, басты 
кепілдігі болып табылады. Білімді ҧрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді 
мҧғалімдер, жан-жақты кемел ҧстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Сондықтан да 
біздің бҥгінгі жылдан-жылға алға басқан қоғамымыздың ең кӛкейкесті 
мҧраттарының бірі болып отырған білімді педогог кадрларды әзірлеу және 
қалыптастыру мәселелері, соның ішінде ҧстаздар біліктілігін жҥйелі арттырып 
отыру жолдары талқыланған болатын. Ал бҧл дегеніңіз, ҧзақ жылдардан бері 
бірте-бірте жҥргізіліп келе жатқан еліміздің білім саласындағы реформалық 
шараларды одан әрі тереңдете тҥсу деген сӛз. 
Бiлiм бeру жҥйeсiндeгi рeфoрмaлaр, дeңгeйлiк бaғдaрлaмaлaр бiлiм 
сaлaсының 
қaрқынды 
дaмуынa 
eлeулi 
ықпaлын 
тигiзудe. Қaзaқстaн 
Рeспубликaсының Бiлiм турaлы зaңындa: «Бiлiм бeру жҥйeсiнiң бaсты 
мiндeттeрiнiң бiрi – бiлiм бeру бaғдaрлaмaлaрын мeңгeру ҥшiн жaғдaйлaр жaсaу 
кeрeк» - дeп кӛрсeтiлгeн [1]. 
Білім сапасы мҧғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. 
Мҧғалім жӛнінде Ахмет Байтҧрсынов былай деген: «...мҧғалім қандай болса, 
мектеп те сондай болмақшы». Яғни, мҧғалім білімді болса, ол мектептің 
шәкірттері де білімді болмақ. Білімнің сапалы, тәрбиенің нәтижелілігі кәсіби 
деңгейдегі педагогке байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда педагог 
мамандардың біліктілігін арттырудан ӛтуіне кӛп назар аударылуда.


381 
Елбасымыз айтқандай дамыған елдердің қатарына қосылуымыз ҥшін ең 
алдымен жастарымыз білімді, қабілетті болуы керек. Ол ҥшін ҧстаздардан кәсіби 
біліміндегі жаңашылдықты талап етіледі. Еліміздің білім беру жҥйесі қарқынмен 
даму ҥстінде. Осы тҧста сапалы білім беруді кӛздеген «Деңгейлік бағдарлама» 
бойынша оқытудың мҧғалімдердің біліктілігін арттыруда маңызы ӛте зор. Бҧл 
тҧста ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жҧмыс, оқушылардың 
бірін-бірі оқытуы, оқыту ҥшін бағалауы, «мҧғалім-оқушы» және «оқушы - 
оқушы» арасындағы диалогтік қарым-қатынасқа тҥсуі, сонымен қатар 
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой қозғауға арналған тапсырмалардың 
берер мазмҧны зор болмақ. Сабақ барысында дҧрыс сҧрақ қою арқылы 
оқушылардың сыни ойлауы мен сӛйлеуіне, оқушылардың ӛз бетінше ізденуіне 
және бір-бірін оқытуына тҥрткі болып, оқушылардың ӛз пәніне деген 
қызығушылығын арттыруға болады. Әрине кез келген бастаманың кедергілері мен 
кемшіліктері кездеседі. Бірақ кез келген мҧғалім ӛзінің кәсіби жолында барлық 
кӛлденең кездескен кедергілерді жоюға мектеп қабырғасынан алған мол 
тәжірибесі арқылы жетеді. Оқу-тәрбие ҥдерісінде келеңсіз кездескен кедергілерді 
SWOT талдауға cалып, (S-кҥшті жақтары, W-әлсіз тҧстары, O-мҥмкіндіктері, T-
қауіптері) нақты нәтиже шығаруға болады. Бағалау шынайы, әділ болады. Кеңес 
кезіндегі «Мен aйтaм, сен тыңдa» әрекеті, сол кездегі ӛткен дәстҥрлі 
сaбaқтaрды еске тҥсірсек, кӛз aлдымызғa мҥлде бaсқa мектептің мҧғaлімі 
елестейді. Оқытудың сындaрлы теориясынa негізделген деңгейлік бaғдaрлaмaның 
жaңa тәсілдерін қолдaну, оқыту мен оқудың тиімділігін арттырады. 
Білім берудің мақсатты бағдарларының ӛзгеруіне орай білім беру жҥйесінің 
басқарушы және педагогикалық кадрларына деген талаптары да ӛзгеруі керек. 
Ендігі бізді ойландыратын негізгі проблема жаңарған мектепте қандай 
мҧғалім болу керек? Біздің ойымызша жалпы орта білім берудің жаңа жҥйесіне 
кӛшу педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ҧйымдастырудың мақсаты, 
мазмҧны мен технологиясы мәселелерін ӛзектендіре тҥседі. 
Басшының, педагогтың жаңа ҧғымдағы білім сапасын жобалау және 
қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби - тҧлғалық қҧзыреттілігін 
қалыптастыру ӛте маңызды. Жаңа стандарт талабына сәйкес қҧзыретті 
тҥлектерді тәрбиелеп шығару ҥшін алдымен басшылар мен мҧғалімдердің 
ӛздері белгілі бір қҧзырлылыққа қол жеткізулері тиіс.
Бастауыш мектепте білім мазмҧнын жетілдіру, білім стандартын жобалау, 
оқу - әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету, білімнің сабақтастығы мен 
болашағы, мҧғалімдерді дайындаудың бірнеше бағыттары т.б. мғселелер 
қазақстандық ғалымдардың зерттеу жҧмыстарынан тыс қалмаған. Бірақ 
ӛкінішке орай зерттеу жҧмыстарының нәтижелері оқыту-тәрбие ҥрдісіне 
енгізілмеген, ғылыми кітапханалардың сӛресінде қалып, болашақ зерттеулерге 
негіз болумен шектеліп отыр. Жалпы ғылыми тҧрғыдан дәлелденген болашақ 
мҧғалімнің әдістемелік жҧмысқа дайындығының бірнеше моделі барша 
ғалымдарға мәлім, біздің ойымызша 12 жылдық мектептің болашақ мҧғалімі 
ақпараттық ортаға бейімделген, оқу ақпаратын модулдеуді білетін, 
қашықтықтан интерактивті қарым қатынас жасай алатын, білім сапасын 
мониторинг жҥргізуге қабілетті, ӛмірде кездесетін сан тҥрлі проблемаларды 
шешуге дайын қҧзырлы тҧлға болуы тиіс. 


382 
Мҧғалім дайындайтын оқу орындарын оңтайландыру, оқу-тәрбие ҥдерісін 
жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру 
жолдарын тиімді енгізуді, біріншіден, білім беру жҥйесінде директорлар 
корпусының сапасын жақсартудан бастау керек. Басшылық орынға бҧрын 
әдіскер,орынбасар болып істеген, жеткілікті ӛтілі, категориясы бар, педагогикалық 
менеджментті білетін мамандар сайланса жҧмыс жҥрген болар еді [2]. 
Екіншіден, нәтижеге бағытталған педагогикалық технологияларды енгізу 
арқылы білім беру 
стандарттарын, 
оқыту 
бағдарламаларын, деңгейлік 
тапсырмалар жҥйесі енгізілген оқулықтарды қҧзыреттіліктерді қалыптастыруға 
бағыттап 
жасақтау 
арқылы білім 
беру 
стандарттары 
мен 
мектеп 
оқулықтарының сапасын арттыруға болады. Ҥшіншіден, мектептегі білім 
сапасын бағалаудың тиімді жҥйесін әзірлеу керек. Әлемдік практикада білім 
сапасы нақты критерийлерге сәйкес: Білім – тҥсіну – қолдану – жҥйелеу және 
жалпылау мақсаттары бойынша бағаланады. Сондықтан да мҧғалімдер 
ӛздігінен 
қҧзыреттіліктерді 
қалыптастыруға 
бағытталған деңгейлік 
тапсырмалар жҥйесін қҧрастырып, оны шешуге ҥйренсе, бағалаудың 
критерилерімен танысса, ол ҥшін ғылым жаңалықтары туралы арнайы семинар, 
конференциялар ҧйымдастырылып, педагогтардың функционалдық, әдістемелік 
сауаттылығы қалыптастырылған 
болар 
еді.
Тӛртіншіден, кӛпшілік 
мектептердегі оқу сапасын элиталық білім беретін лицейлер мен 
гимназиялардың деңгейіне жеткізу жҧмыстарын қолға алып, Назарбаев 
Зияткерлік мектептері ҥлгісінде корпоративтік басқару, педагогикалық 
менеджмент элементтері енгізілсе [3]. 
Қазақстанда білім беруді жаңғырту — бҥгінгі заманның талабы. Қазіргі 
таңда жаңа технологиялармен оқыту жҥйелі тҥрде жолға қойылып келеді. 
Еліміздегі білім беру жҥйесін жетілдірудің басты мақсаты — еліміздегі білімнің 
сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050» 
атты 
ҧзақ 
мерзімді 
стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. 
Жолдауда еліміздің ҧзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде 
білім беру саласы қарастырылған екен. Бҧл маңызды қҧжатта ҧсыныс ретінде 2050 
жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі ҥшін жеке және 
мемлекеттік білім беру мекемелері ҧсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы 
алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жҥйесі жалпы ҧлттық 
кҥйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Еліміздегі білім жҥйесін дамыту — дәуір 
талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді. 
Сол себепті Қазақстанның білім беру жҥйесі санға ғана емес, сапаға 
негізделуі — ол бҥгінгі кҥн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін кӛтеру 
жҧмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар 
рӛлін кҥшейту жҧмыстары жҥргізілуде. Бір сӛзбен айтқанда, еліміздің 
болашағының бҥгінгіден де нҧрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын кҥші 
білімге байланыстылығы айқын кӛрінуде. Білім мен ғылымның дамуы — 
адамзат ӛркениетінің ӛлшемі. Білім саласы ҥнемі жетіліп, жаңарып отыруды 
қажет етеді. Біз ӛмір сҥріп отырған қазіргі кезең — бҧл жаңа дәуір, жаңа 
кӛзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында 
болып жатқан жаңа ӛзгерістердің мәні мен маңызы зор. 


383 
Ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мҥше болу 
жағдайында білім беру саласында елдің саяси-экономикалық даму деңгейінің 
критерийлері ретінде адами ресурстарды қалыптастырудағы рӛлі артып 
отырған кезеңде білім беру жҥйесін жаңа талаптарға бағдарлаудың маңызы зор 
болып табылады.
Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті — педагог мамандардың 
кәсіби қҧзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін ҥздіксіз арттыруды, ғылыми- 
әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, тҥрлері мен әдістерін іздестіруді 
қамтамасыз ету, оны ҥйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи 
білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, 
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жҥзеге асыратын жаңартылған 
педагогикалық технологияны меңгеруге ҥлкен бетбҧрыс жасалуда. Ӛйткені, 
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу ҥрдісін ҧйымдастыру жаңа 
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет