Ҽдебиеттер
1. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы шығармалар жинағы. 25-бет
2. Ақылдың кені. Ҧлағатты сӛздер. Алматы, 2008 жыл.
3. Қисымова Ә.К. Оқыту технологиялары. Алматы, 2007 жыл.
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ЕҢБЕК ТУРАЛЫ КҾЗҚАРАСЫНЫҢ
ЗАМАНАУИ КҼСІПТІК БІЛІМ БЕРУМЕН ҤНДЕСТІГІ
Мусиров Г.
э.ғ.к., экономика кафедрасы, С.Байшев атындағы Ақтӛбе университеті
Қазақстан, Ақтӛбе
Аннотация. В данной статье рассматриваются взгляды И.Алтынсарина на труд и его
созвучие с современным профессиональным образованием. В статье обоснованы и
аргументированы значимость современного профессионального образования, которую
определил Ы.Алтынсарин в свою эпоху. Был проведен сравнительный анализ трудов
известных западных экономистов с идеями о труде великого просветителя.
Ключевые слова: И.Алтынсарин, профессиональное образование, труд.
Summary. This article discusses the views of Altynsarin on work and its harmony with
modern professional education. The article substantiates and substantiates the importance of modern
vocational education, which was determined by Y.Altynsarin in his era. A comparative analysis of
the works of famous Western economists with ideas about the work of the great educator was
conducted.
Key words: I. Altynsarin, professional education, work.
Ы.Алтынсарин қазақ тарихында әлеуметтік-экономикалық пікірлердің
қалыптасып дамуына да зор ҥлес қосқан тҧлға.Оған оның шығармаларында
тҧрақты орын алған еңбек, кәсіпкерлік туралы экономикалық кӛзқарастары мен
пайымдаулары дәлел. Мысалы, мына бір ӛлең жолдарына назар аударып
кӛрелік:
384
Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жҧтасаң, жоқ болар.
Оқымыстының байлығы–
Кҥннен кҥнге кӛп болар,
Еш жҧтамақ жоқ болар.
Ӛнер-білім бар жҧрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Кӛзіңді ашып, жҧмғанша,
Жылдам хабар алғызды...
Ол ең алдымен қоғам мен адамзаттың таусылмас қазына-байлығы – білім
екендігін айғақтап отыр[1, 25 б.].
Енді осы ӛлең шумақтарына экономикалық кӛзқарас тҧрғысынан қарап
кӛрейік. Мал қаншалықты дәулет кӛзі болғанымен, ол бір жҧттық қана, адам
бойындағы сарқылмас қазына кӛзі – білім, қазіргі айтып жҥрген инновация,
ноу-хау, ақпарат пен технология – бәрі де білімнен туындайтыны анық, олай
болса
елдегі
ӛркениет
пен
әлеуметтік-экономикалық
тҧрақтылық,
экономикалық даму білім арқылы келетіні ӛлең жолдарынан айқын кӛрініп тҧр.
Ы. Алтынсариннің У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо секілді классикалық
саяси экономия ӛкілдерінің адам еңбегіне қатысты пікірлерінен бірде кем
тҥспейтін еңбек жайындағы тҧжырымдарын мысал әңгімелерінен де аңғаруға
болады. Айталық, К.Маркс классикалық саяси экономияның негізін салушы
ретінде таныған У.Петтидің мынадай қанатты сӛзі бар «Еңбек байлықтың әкесі,
жер оның анасы». Ал осы еңбек пен жердің адам ӛміріндегі алатын орны мен
маңыздылығы Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқҧл»әңгімесінде қарапайым ғана
баяндалады.
Экономикалық теория ғылымында тауарлы шаруашылықтың қалыптасу
шарттарына: тереңдетілген ірі еңбек бӛлінісі мен жҧмыс кҥшінің
мамандандырылуы, жеке меншіктің пайда болуы және тауар ӛндірушілердің
экономикалық жағынан оқшаулануы жатады. Міне, қазақ жеріндегі тауарлы
шаруашылықтың қалыптасу шарттарының бір мысалы Алтынсарин
шығармасында қамтылған. Сейтқҧл сол кәсіптің бәрін ҧйымдастырушы,
басқарушысы, яғни қазіргі замандағы кәсіпкер. Сейтқҧлдың ҧтымды әрі
тапқырлық қасиетіне сенген халық маңайына жиылып кәсібіптерін одан әрі
дамыту арқылы мол табысқа қол жеткізеді. Бҧдан екі жҥз жыл бҧрын, шамамен
1800 ж. француз экономисі Ж.Б.Сэй «Тапқыр адам экономикалық ресурстарды
тӛменгі ӛнімділіктен және аз табыс саласынан жоғары ӛнімділікке және
табысты салаға кӛшіреді» деген болатын. Осындағы тапқыр адам – Алтынсарин
шығармасындағы Сейтқҧл екендігі де даусыз [2, 36 б.].
Ы.Алтынсариннің келесі бір әңгімесі «Сәтемір хан» деп аталады.
Бҧл әңгіменің де негізгі ӛзегі – еңбек пен білім. Алайда бҥгінгі кәсіпкерліктің
де негізі тынымсыз еңбек пен ҥнемі ізденіс екенін ескерсек, болашағын
кәсіппен байланыстыратын жас ҧрпаққа ҥлгі-ӛнеге боларлық мысал.
Кәсіпкерлік – тәуекелмен тығыз байланысты, тіпті кез-келген кәсіпкерлік
тәуекелді іске жатады және кәсіпкер кӛп жағдайда тәуекелге саналы тҥрде
385
барады. Бҧл ақиқат. Сонымен қатар кәсіпкер кәсібін жҥргізу барысында
кездесетін әртҥрлі тосқауыл-кедергілерден бірнеше мәрте сҥрінуі де мҥмкін,
мысалы, қҧжаттарды рәсімдеуде болатын қағазбастылық, банк кредиті
бойынша пайыз мӛлшерлемесінің жоғарылығы, салық ауыртпалығы, энерго-
ресурстардың қымбаттығы, т.с.с. Бҧлардың бірінен ӛтсе, екіншісіне шыдай
алмаған кәсіпкер кішкентай қҧмырсқаның кҥйін кешіп сҥрінуі, тіпті қҧлап
қалуы да мҥмкін. Алайда осы кедергілерді жеңу арқылы орта шенінен ӛтіп,
одан әрі ӛз-ӛзін тынбай еңбек ету нәтижесінде мақсатына жеткен адам ғана
шын мәнінде толық кәсіпкер болып шығады. Міне Ыбырай шығармасынан
кішкентай аяғы ақсақ қҧмырсқаның осындай тынымсыз еңбегі пен мақсатқа
жетудегі сенімділігі арқылы бҥгінгі кәсіпкерліктің мақсат-міндетін аңғаруға
болады [3, 15 б.].
Келесі «Білгеннің пайдасы» деп аталатын әңгімеден бҥгінгі нарықтық
экономикада жиі кездесетін еңбекке деген сҧраныстың біліктілік арқылы
туындайтын жағдайын аңғаруға болады.
Сондықтан ол қашанда сҧранысқа ие екені белгілі. Әңгіме желісі осыны
растайды [4, 24 б.].
Ал мына әңгімедегі диалогтан экономикалық теорияның әуел баста
ғылым болып қалыптасуының негізгі шарты болған ресурстардың шектеулігі
мен адамның шексіз қажеттілігі арасындағы қарым-қатынасты байқауға
болады. Расында ресурстардың шектеулігі шексіз қажеттілікті қанағаттандруда
ҥлкен мәселе туындатады. Оларды таңдау, ҥнемді әрі тиімді пайдалану ғана
қанағатшылдыққа әкелетініне арналған әңгіме.
Енді әңгімеге назар аударалық: «... Бір ҥйші жҧмысымен кӛп мал тауып тҧрса
да, сонша азбен қанағат етіп, аз жҧмсап тҧрады екен. Бір кҥні кӛршісі сҧрады:
– Осы сен бай бола тҧрып, малыңды қай жаққа жібересің, кӛзге тҥсетін
ешнәрсең кӛрінбейді, – деді.
Ҥйші айтты:
– Тапқан малымның бір бӛлімімен борышымды ӛтеймін, бір бӛлімін
ӛсімге беремін.
Кӛрші:
– Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және ӛсімге қанша ақша
беруші едің? – деді.
Ҥйші айтты:
– Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды ӛтеп тҧрған борышым деп
білемін, ӛзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды
ӛсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы
асыраса, олардың борышымды ӛтегені емес пе, – деді». Әңгіменің соңғы
желісінде адами капитал мен оған салынған ҧзақ мерзімді инвестициялық
саясат кӛрініп тҧр. Шынында кез-келген ата-ананың ӛз баласын асырауға,
оқытуға жҧмсаған қаражаты – оның ӛзін және болашақ қоғам байлығын
қалыптастырудағы интелектуалдық әрі рухани байлыққа салған инвестициясы
екені айқын. Ы.Алтынсарин материалдық байлық пен қатар рухани
қҧндылықтың қалыптасу кӛзін ҥйші еңбегі мен іс-әрекеті арқылы ашып
кӛрсетеді.
386
Ы.Алтынсарин шығармаларында экономикадағы жаңашылдықтың пайда
болуына назар аудармау мҥмкін емес. Мысалы, «... Англия жҧртында Броун деген
білімді ҧста судың ҥстіне бір қолайлы кӛпір салуға жҥріп, қалайша салсам
қолайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың ҥстіне кесе тартқан
ӛрмекшінің ӛрмегіне кӛзі тҥсті. Мҧны кӛріп Броун тоқтай қалып ойланды: «Бҧл
ӛрмекші мынау кӛпір арқылы жол салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай кӛпір
қолайлы болар еді» – деп. Сонымен келді де су ҥстіне екі шынжыр тартып,
ортасына тақтай салып, екі жақ басын қҧрғақ жерден биік, нық бағаналарға
бекітіп, кӛпір істеді. Шынжырдан кӛпір салу содан қалған ҥлгі екен».
Жаңа білімдерге негізделген жаңашылдықты экономиканың, қала берді
кәсіпкерліктің жарқыраған жҧлдызы деуге болады.Броунның кӛпір арқылы
ӛрмекші салған жолды негізге ала отырып, шынжырдан кӛпір салуы – нағыз
жаңашылдық. Жаңашылдық қарекеттің ӛзі еңбек. Жаңашылдық қарекет,
басқаның бәрі секілді дарынды, тапқырлық пен бейімділікті талап етеді. Кез
келген жаңалықты жҥзеге асыру дегеніміз қажырлы да мақсаткерлік еңбек.
Сондықтан Броун дарыны мен қажырлығы әрі шеберлігі арқасында ӛз
ортасының алды болды және кейінгіге ҥлгі жасады.
Тура осыған ҧқсас оқиға Ы.Алтынсарин Қытай патшасының ханымы
Силиншінің тоқыма кәсібін ашып, жібек мата ӛндірісін халқына ҥйретуі жайында
баяндалады: «... Қытай жҧртының патшасының ханымы Силинші, жібек
қҧрттарын абайлап, қарап жҥрсе, бҧл қҧрттар ӛлерінде ӛзінің ӛрмегіне кіріп ӛледі
екен. Ханым сол ӛрнекті алып ширатып жіп істеді, сонан тоқып жаңа жібек
орамал істеді дейді. Мҧнан соң сол қҧртқа назар салып қарап жҥрсе, тҧт деген
ағаштың жапырағын жеп кҥн кӛреді екен. Ханым тҧт ағашының жапырағын
жиып, әлгідей кӛп қҧрт жиып асырап, ақырында, бҧл қҧрттың пайдасын халқына
ҥйретті дейді. Жібектің шығатын жерін ең әуелі сол ханым тауыпты-мыс.
Бҧл уақытта Силинші ханымның ӛткеніне бес мың жыл болыпты. Қытай
жҧрты әлі кҥнге данышпан ханымын ҧмытпай, жыл сайын соның қҧрметіне той
етеді».
Белгілі бір жетістікке жету ҥшін ханым ӛз кҥші мен қабілетіне сҥйенеді. Ол
жібек қҧртына байланысты бар мҥмкіндіктерді байқап, оны іс жҥзінде жҥзеге
асырады. Бҧл да жаңашылдық әрі технологияның бір тҥрі. Ӛз жаңалығы арқылы
ханым Қытай қоғамының, экономикасы мен әлеуметтік дамуына ықпал етті,
дәлірек айтсақ барша қытай халқының мінез-қҧлқына ӛзгеріс енгізді. Осы жаңалық
жібек матаның қалай ӛндірілетініне елеулі әсер етті, жаңа тауар нарыққа
бағдарланып, одан әрі әлемдік нарыққа шықты және мықтап орын алды. Осының
арқасында қытай жібегі әлі кҥнге дейін сол елдің бренд ӛнімі болып келеді.
Тағы бір әңгімесінде Ы.Алтынсарин бір білімдінің Антон деген
қайыршыға ақыл-кеңес бере отырып, нарықтық экономикасы дамыған елде
қарапайым ҧсақ саудамен айналыса жҥріп, ерінбей ҥнемі еңбектену арқылы ірі
кәсіпкерге дейін жетуге болатынын сӛз қылады: «...1791 жылда, ӛзім
университет деген ҥлкен школда оқып жҥрген жігіт кҥнімде, әр жеті сайын
Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тҧрушы едім. Сонда
әрдайым жолымда Антон деген тіленші отырып, қайыр сҧрап алып жҥруші еді.
Бір кҥні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ҧшырасып,
жӛніміз бір болған соң бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон
387
алдымыздан шығып қайыр сҧрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне
қарап тҧрды да айтты:
– Сен қарауға еп-есті кісі секілді кӛрінесің және жҧмыс істеуге қуатың да
бардай кӛрінеді, сӛйтіп тҧрып мҧндай жаман іспен ӛзіңді кемшілікке салып
жҥрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен ӛзім де сендей кедей
едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып
жҥріп,салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шҥберек сҧрап жиып
жҥрдім. Ол шҥберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен
азды-кӛпті ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым, мҧнан соң әуелі аздап,
бара-бара кӛбірек, әр ҥйден ескі-қҧсқы, тҧтынуға жарамайтын шҥберектерді
сатып алып, арбамен жҥріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он
мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме
нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң осы кҥнде екі әйдік тас
жҧртым бар, фабрикамды балама бердім, ҥмітім бар, баламда аштық кӛре
қалмас деген. Себебі баламды да жасынан бос жҥруге, еріншектікке, қиналмай
мал табуға ҥйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай
боласың, Антон,– деді де, жӛніне жҥріп кетті.
Антон бҧл сӛздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сҧрауын да
ҧмытып тҧрып қалды...».
Антонның жағдайы Қазақстандағы алғашқы реформалық кезеңді, яғни
әкімшіл-әміршіл немесе жоспарлы экономикалық жҥйеден нарықтық жҥйеге
кӛшу кезеңін еске салады. Ӛтпелі кезең кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа
ҧшырауы, тӛлем жҥйесінің дағдарысы, жҧмыссыздықтың белең алуы,
инфляцияның ӛршуімен жалғасқаны белгілі. Осынау қиын кезеңде тынымсыз
тірлік жасап, ерінбей еңбек еткендер ғана ӛздерін қиын жағдайдан шығарды.
Тҧрғындардың кӛпшілігі жҧмыс болмағандықтан қолынан келмесе де ҧсақ
саудамен айналысты.Бҥгінгі қазақстандық бизнес ӛкілдерінің кӛпшілігі осы
жолдан ӛтті деуге болады. Ал қазір ҥкімет жҥргізіп отырған саясат кәсіпкерлікті,
соның ішінде отандық тауалы ӛндіріс пен шикізат ӛңдеу саласын дамытуға
бағытталған. Бҧл салада да еңбек етіп, табысқа жетіп жатқандар аз емес. Ең
бастысы халық кәсіпкерліктің, еңбек етудің не екенін, оның қоғам байлығын
тҧрақты қалыптастыруына зор ықпалы бар екендігін тҥсінді [5, 32 б.].
Сонымен, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы еңбек, кәсіпкерлік туралы
ой-пікірлер болашақ кәсіпкерлер ҥшін мол қазына. Әрбір әңгімеге арқау болған
мәселелер мен мысалдар қазіргі заманда да ӛзінің ӛзектілігін жойған жоқ. Тек
содан ҥлгі-ӛнеге алып оны пайдаға жарату игілікті іс болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |