Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет43/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Күтілетін нәтижелер: осы квестті орындағаннан кейін сіз қазіргі заманғы
компьютерлік технологиялар медицинадағы прогресс пен адамдардың
денсаулығына қалай әсер ететінін білесіз.
Қорытындылау.
Информатикадан тапсырмаға «креативтілік» ұғымын енгізу:
● Оны әр сабаққа қосуға болады, әсіресе ақпараттық технология
тақырыптарында, оны таныстыруға тырысыңыз;
● Осындай тапсырмалардың алдында шығармашылық критерийлерін
талқылаңыз;
● Басқалардың креативтілігін бағалаңыз.
Маңғыстау ауданы, №7-мектеп лицейінің
физика пәні мұғалімі, шығармашыл педагог
Ордабаев Мансур Болатұлы
КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА ЭЛЕКТРОНДЫ-ВИЗУАЛДЫ
ӘДІСТЕР


XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры болғандықтан, білім беру
жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Әсіресе,
табиғат құбылыстарды үйренуде мұның пайдасы өте зор. Жаңаша оқыту
технологиясы — белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде
оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу
бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі. Осы
технологияларды
пайдалана
отырып,
жаратылыстану ғылымдарындағы құбылыстарды,
заңдылықтарды зерттеу және есептерін шығару
оңай болып табылады. 
Интернет желісінде бізге белгілі көптеген
электронды-виртуалды зертханалық жұмыстар
жүргізуге арналған симуляторлар бар. Атап
айтқанда,
www.phet.colorado.edu,
www.bilimland.kz
және http://mediadidaktika.ru/.
Бұл сайттармен жұмыс жасау барысында біраз
кемшіліктерін байқадым. Сол толықтыру үшін
әртүрлі бағдарламармен жұмыс жасап көрдім. Солардың ішіндегі ең
тиімділерімен бөліскім келіп отыр. Олар: 

https://www.falstad.com/
 
 
 

https://iwant2study.org
 
 
 
Falstad сайты математика, физика және инженериядағы әртүрлі ұғымдарды
визуализациялауға көмектесу үшін жазылған білім беру бағдарламалары. Олар
бастапқыда Java тілінде жазылған, бірақ көбіне Javascript-ке түрлендірілді,
сондықтан оларды Java қосылған браузермен көре аласыз. Бұл сайт өте қарапайым
жасақталған және бастапқы бетте 4 қосымшасы шығады. 
Math and Physics Applets бөлімі 
 Тербелістер мен толқындар
 Акустика
 Сигналдарды өңдеу
 Электр және магнетизм: Статика
 Электродинамика
 Кванттық механика
 Сызықтық алгебра
 Векторлық есептеулер
 Термодинамика
 Механика
 Әртүрлі құбылыстар – деген физика және математикаға арналған
тақырыптарымен қамтылған. 
Осы сайттың (Falstad) ішіндегі маған ерекше әсер еткені CIRCUIT SIMULATOR
бөлімі. Бұл жерде АС айнымалы ток DC тұрақты тоқтарға мейлінше тізбек құрып
есептеулер жүргізе аламыз. Бұл есептеулерді бізге белгілі phet.colorado.edu,
bilimland қосымшаларында да жүргізуге болады. Бірақ
Falstad сайтындағы
CIRCUIT SIMULATOR бөлімінде электр құралдары шексіз қолданылады. 
А
В


Мысалы бізге классикалық куб туралы есеп берілсін «Текше берілген, оның
шеттері бірдей R кедергіге тең. Осы текшенің жалпы кедергісі қандай?». Осы
есепте кубтың 12 қыры бар, демек 12 кедергі бар деп қарауға болады.
phet.colorado және білімлэнд сайттарында бұл тізбекті жинақтау қиындық
туғызады. Өйткені ол жерлерде кедергі саны шектеулі және 10-нан аспайды.
Осы кубты Faslted бағдарламасында жинақтап, ондағы жалпы тізбектің
кедергісін анықтап, оның көмегімен есептер шығаруды жеңілдетуге болады. 
Келесі бағдарлама - (
https://iwant2study.org
) Open Educational Resource
Singapore мектептерде рефлексиялық тәжірибені зерттеуге бағытталған
эксперименттер мен инновациялық бағдарламалар. Осы бағдарламаның ішіндегі
интерактивті ресурстар 
 Физика
 Биология 
 Химия
 Математика
 Ағылшын тілі


 Ана тілдер
 Өнер
 Гуманитарлық ғылымдар
 Дене тәрбиесі және спорт
 Ғылымдар
 Мінез және азаматтық тәрбие 
 Басқалар – деген тараулардан тұрады. 
Мені қызықтырған физика бөлімі. Бұл бөлімде физикалық құбылыстарды
визуалды елестетуге арналған әртүрлі симуляторлар жинақталған. Мысалы
білімлэнд сайтындағы виртуалды симуляторлар ақылы болса, Сингапур сайты
оны бізге тегін көруге мүмкіндік береді. 
Newtonian mechanics бөлімінің ішінен GRAVITY тақырыбын таңдасақ, бізге
қызықты әртүрлі симуляторлар пайда болады. Соның біреуі «Жер шарынан
қандай жылдамдықпен біз жердің серігіне айналамыз немесе жердің
гравитациясын қандай жылдамдықпен қозғалғанда жеңіп шығамыз?» сұрақтарға
жауап беретін симулятор. Оқушылар бұл арқылы Жердің бірінші ғарыштық
жылдамдығын есептеп, тексере алады. 


Жалпы заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың
бұл бірегей топтамасы жаратылыстану пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі.
Бұл сайттардан ұтатынымыз оқушылардың көзбен көрген ақпараттарын
санасында ұзақ мерзімде сақтайды. Әрбір есептеулердің дәлдігіне визуалды түрде
көз жеткізеді. 
Және оқу мақсатына қол жеткізуде үлкен прогресс көрсетеді. Яғни менде
білім сапасын жоғарлатуда көп көмек болды. 
Әрбір лекциялық сабақтан гөрі, көрген дүние бала үшін кең мәлімет болары
сөзсіз. Сондықтан, осындай симуляторларды кеңінен қолданып, оқушы
қызығушылығын арттыра білген жөн. Сөз соңын Қытай философы Конфуцийдің
сөз мәйегімен аяқтағым келеді: "Естідім-ұмыттым, көрдім -есте сақтадым,
қолдандым-үйрендім". Есте сақтап, үйрететініміз көп болсын!


Ақтау қаласы, Назарбаев Зияткерлік
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет