Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет55/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Список литературы.
1. Образование для устойчивого развития. Декада ООН по образованию
для устойчивого развития (2005 – 2014)// Информационный буклет Кластерного
офиса ЮНЕСКО. – 8 с.
2. Йоко Мочизуки, Ханнес Е. Зиге, Элени Кристодулу и др. Учебники в
интересах устойчивого развития. Руководство по внедрению ‒ Организация ООН по
вопросам образования, науки и культуры, Институт Махатмы Ганди по образованию
в интересах мира и устойчивого развития, 2019. ‒ 174 с.



Маңғыстау ауданы, Өтес ЖББМ директоры,
республикалық «Үздік педагог-2019»
байқауының жеңімпазы, педагог-шебер
Надирова Гүлсім Құрманбайқызы
МЕКТЕПТЕГІ ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ӘСЕРІ
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың
қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж.
Оқушының өз бетімен жұмыс жасай білуі, ізденімпаздығы, шығармашылықпен
жұмыс жасауы қазіргі кезде білім алудың алғы шарттарының бірі болып саналады.
Балаларға үйірме жұмыстарын тиімді ұйымдастыру - білім алушылардың жан-
жақты қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын
тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.
Мектептегі үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен,
қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады. 
Бүгінгі таңда көп ұлтты еліміздің болашағын қамтамасыз ету үшін жеткіншек жас
ұрпақтарды жалпы ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған
патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Білім алушыларға патриоттық
тәрбие берудің негізгі бағыты үйірме жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады: 
- туристік - өлкетану 
- тарихи - өлкелік
- азаматтық-патриоттық тәрбие. 
- спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы 
шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған. 
Менің ұстаз ретінде шығармашылығым мектепте үйірме жұмыстары арқылы
патриоттық тәрбие беру. Осы мақсатта мектептегі туризмді қолға алып, Өтес
мектебінде 2016 жылдан балаларға туристік-өлкетану жұмыстарын жүргізіп
келемін. Балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың
туризмге деген ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушыларды туристік
жорыққа алып шығамын. Туризм – туған өлке бойынша саяхат, белсенді қозғалыс
жасаудың әдісі ғана емес. Бұл іздестіру қызметі, өз туған жерін тану, оның өткені
мен болашағына жақындау, халықтың салт-дәстүрімен танысу, бейтаныс жерлерді
ашу және зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. 


Туристік-өлкетану жұмыстары сонымен қатар оқушыны көпшілдікке, іскерлікке,
шеберлікке, байқампаздыққа, төзімділікке үйретеді. «Балам, туған жерге аяғың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет