Әр білім алушының бойына сапалы білім дамытып, оны жеке тұлға етіп
қалыптастыратын ол-ұстаз екені бәрімізге мәлім. Мектеп өміріндегі педагогтарға
қиындық тудыратын мәселе - бұл үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс.
Үлгерімі төмен білім алушылар мен үздік оқитын білім алушылар арасындағы
алшақтықты қысқарту мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерімен келісе отырып
2022-2023 оқу жылында бірнеше жобалар ұйымдастырылды.
Атап айтсам, 2022-2023 жылының қаңтар айынан бастап «Мен көркем
жазамын» атты марафоны 3-4 сынып
білім алушылары арасында
ұйымдастырылды. Кез-келген жобаны жүзеге асыру барысында кедергі, қиыншылық
болатыны сөзсіз. Алғашқы кедергілердің бірі бұл жобаны сабақ процесіне кедергі
келтірмей кіріктіру болды. Сондықтан ата-аналармен келісе отырып, сабақтан тыс
уақытта аптасына бір рет өткізілді. Сынып жетекшілер әдебиеттік оқу оқулығынан
мәтіндерді дайындап, оқушыдан көшіріп жазу диктантын алды. Марафон
нәтижесінде көптеген білім алушылардың жазу каллиграфиясы жақсы деңгейге
жетті.
Бәрімізге белгілі 4 - сынып білім алушыларынан жыл сайын білім жетістіктерін
арттыру мақсатында (ББЖМ ) негізгі пән бойынша сынама тест жұмыстары
алынады. Аталған оқу жылының екінші жартысынан бастап дайындық ретінде білім
алушылардан әр аптада сынама тест алынып отырды. Бұл сынама тесттерді сынып
жетекшілер оқу бағдарламасына сәйкестендіріп, өздері дайындап отырды. Тест
нәтижесінің шынайы көрсеткішін анықтау
мақсатында сынып жетекшілер
ауыстырылып, өзінің емес, келесі сыныптардан сынама тест алды. Бұл жұмыс
нәтижесінде білім алушылардың білім сапасын көтеруге септігін тигізді.
Немістің ұлы ақыны Гете: «Көкірегі ашық адам оқи білуді үйренудің
қаншалықты қиын екенін біледі, мен бұған сексен жыл өмірімді арнадым, бірақ әлі
кітап оқуды толық үйрендім деп айта алмаймын» деген екен.
Сондықтан бастауыш сынып білім алушылары арасында кітап оқуға деген
қызығушылықты арттыру мақсатында «Ақыл сөзді іздесең, жоғалмайтын сөз мұра»
атты жоба ұйымдастырылды.
Бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсат үлгерімі төмен оқушылардың көпшілік
алдында өзін сенімді ұстауға, ынта жігерін арттыруға ,есте сақтау қабілетін
жақсартуға және поэзияға
деген қызығушылығын арттыру, ұлттық сана сезімі
жетілген және ішкі жан дүниесін таныған, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі
қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеу болды.
«Ақыл сөзді іздесең, жоғалмайтын сөз мұра» атты жобада 1,2 - сынып білім
алушылары ғалым әрі педагог Ы.Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерін, 3,4-сынып
білім алушылары қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдерін ,қара
сөздерін жатқа айтты. Әр аптада әр сыныптан бес оқушыдан алынып,
мектептің
мәжіліс залында жаттаған өлеңдері мен қара сөздерін айтып сайысты, жақсы
нәтиже көрсеткен білім алушылар марапатталды. Осылайша әр сынып білім
алушылары толықтай қатыстырылды, қалыс қалған білім алушы болмады. Жоба
барысында тек білім алушылар ғана емес, сынып жетекшілер де аса
қызығушылықпен оқушыларының белсене қатысуына жұмыстана бастады. Оқуға
ынтасы төмен, яғни үлгермеуші оқушыларда бастапқы кезеңде «мен жаттай
алмаймын, мен қиналамын»- деген үрей болды. Әр апта сайын өткізіліп отырған
мектепішілік марапаттау кезінде білім алушылардың қызығушылықтары арта түсті.
Жоба нәтижесінде үлгерімі төмен білім алушылардың өзі Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтатын болды. Атап айтсам 4-сынып оқушылары
Теберик Әлия, Таңатар Нұрислам Абай атамыздың
қара сөздерін көркемдеп
нақышына келтіре оқып, оқушылардың ынтасын арттырып, қазылар алқаларын
сүйсінтті.Алғашында қарсылық танытқан, кітап оқуға ынтасы төмен болған 2-
сынып білім алушы М.А. білім алушылардың арасынан өз дәрежесін жоғары
деңгейде көтере білді. Қазіргі таңда Ы. Алтынсарин өмірі мен өлеңдерін жатқа айта
алады. Бұл жобада тек білім алушы емес, өз баласына үйретемін деген ата-ананың
өздері жатқа біліп отыр. Мектеп мұғалімдеріне жат көзбен қарайтын ата-аналар:
«балам қашан сайысқа қатысады?»- деп, сұраныс хабарламаларын жіберді. Бұл
орайда , әдебиеттік оқу пәнінен үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары білім
алушылары арасындағы алшақтық жақындай бастады. Бұл осы жобаның жемісі деп
білемін.
Бұл жобалардан бөлек факультатив сабағын өтуге арналған
логика кабинетінде де
қосымша жұмыстар атқарылды. Әр сыныптан үлгерімі төмен бес оқушыдан
алынып, кесте жасақталып, жұмыстар жүргізілді. Мұндағы мақсатымыз
оқушыларды (факультатив сабақтары) логика сағатында жасақталған кабинетте
сабақ жүргізе отырып білімін жетілдіру. Бұл жұмыс түріне ой салар болсақ,
баланың жас ерекшелігін ескере отырып түрлі логикалық тапсырмалар беру
арқылы, білімнің
беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін
дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру болды. Теориялық білімдерін кеңейтіп,
оны практикада қолдануына ықпал етеді. Жасалған жұмыс нәтижесінде білім
алушылар арасында салауатты бәсекелестік орын алды. Атап айтқанда, білімі
қанағаттанарлық деңгейдегі білім алушылар және тұйық білім алушылар өзара
білімін көрсетіп, пікір таластырып, сенімділігі артып, жақсы жағынан өзін таныта
білді. Мұндағы айтарым, үлгерімі төмен білім алушының ынтасы артты.
Қорыта келгенде, сауатты да, саналы ұрпақ тәрбиелеп, оқытып шығару біздің
қолымызда. Яғни, ел болашағы, жеке тұлға болып қалыптасуы ата-ана мен мұғалім
және білім алушыларға
тікелей байланысты
Ақтау қаласы, №30 ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ақтау қаласындағы филиалының тартылған тренері
Достарыңызбен бөлісу: