рет өткен байқау қорытындысы бойынша №3 орта
мектеп мұғалімі Хожбанов
Хамид бас жүлдені жеңіп алып, 23 математика пәні мұғалімі Мұнайлы аудандық
білім бөлімінің I, II, III дипломдарымен және «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Математикалық прогрессия» байқауында ұсынылған есептердің шығарылу
жолдары жинақталған кітапша Мұнайлы ауданы білім бөлімі хаттамасымен
бекітіліп, ауданның математика пәні мұғалімдеріне таратылды.
2019-2020 оқу жылында Мұнайлы ауданы математика пәні мұғалімдерімен
«Математикалық прогрессия» жобасы жалғастырылды. 2017-2018
оқу жылындағы
«Математикалық прогрессия» байқауының жеңімпаз мұғалімдері қазылар алқасы
құрамына енгізілді. Осы оқу жылында 110 мұғалім қатысты. Байқау 4 рет өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша №10 мектептің математика пәні мұғалімі Қалиева
Сауле бас жүлдені жеңіп алды. 15 математика пәні мұғалімі Мұнайлы аудандық
білім бөлімінің I, II, III Дипломдарымен және «Алғыс хатпен» марапатталды.
2020-2021 оқу жылында Мұнайлы ауданы математика пәні мұғалімдерімен
«Математикалық прогрессия» жобасы жалғастырылды. Пандемия кезінде
Маңғыстау облысы «жасыл аймаққа» енген кезде,
байқау әр мектептің өзінде
санитариялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Осы оқу жылында 100 мұғалім
қатысты. Байқау 3 рет өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша №10 мектептің
математика пәні мұғалімі Маканова Венера бас жүлдені жеңіп алды. 7 математика
пәні мұғалімі Мұнайлы аудандық білім бөлімінің I, II, III Дипломдарымен
марапатталды.
2020-2021 оқу жылы Мұнайлы ауданы математика пәні мұғалімдерінің кәсіби
біліктілігін арттыру мақсатында «Әріптесті қолдаймын» тақырыбындағы тәжірибелі
курс өткіздім.
Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының
ұсынысы және қолдауымен облыстың басқа аудандарында да «Математикалық
прогрессия» байқауын өткізу үшін алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Математикалық прогрессия» байқауының есептерін шығару тақырыбындағы
облыстық жүрмелі семинарлар болып өтті. Семинарда №6
жалпы білім беретін
мектеп КММ-нің математика пәні мұғалімі А.Актилевов, Қызылтөбе лицейі
математика пәні мұғалімі Б. Дуйсенбаев, Ақшұқыр мектеп лицейі математика пәні
мұғалімі Ө.Ишбатров, Назарбаев Зияткерлік мектебі математика пәні мұғалімдері
М.Ауданов, Д.Алыманов сияқты тәжірибелі мұғалімдер семинарда есептер
шығарып көрсетті. Қарақия ауданы Құрық елді мекенінде, Қарақия ауданы Жетібай
елді мекенінде, Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекенінде өткен жүрмелі
семинарлар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2020-2021 оқу жылында математика пәні мұғалімдері Қарақия ауданы Құрық елді
мекенінде, Жетібай елді мекенінде, Бейнеу ауданында, Түпқараған
аудандарында
өткен «Математикалық прогрессия» байқауына белсене қатысты.
2021-2022 оқу жылында Маңғыстау ауданы және Жаңаөзен қаласында
«Математикалық прогрессия» байқауын өткізу үшін алдын ала түсіндіру
жұмыстастары жүргізілді. Семинарда №6 жалпы білім беретін мектеп КММ-нің
математика пәні мұғалімі А.Актилевов, Қызылтөбе лицейі математика пәні мұғалімі
Б. Дуйсенбаев, Ақшұқыр мектеп лицейі математика пәні мұғалімі Ө.Ишбатров,
Назарбаев Зияткерлік мектебі математика пәні мұғалімдері М.Ауданов, Д.Алыманов
сияқты тәжірибелі мұғалімдер семинарда есептер шығарып көрсетті. Аталған
аудандарда «Математикалық прогрессия байқауының есептерін шығару»
тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарлар болып өтті. Семинарға ауданның
математика пәні мұғалімдері қатысты.
2022-2023 оқу жылы 14 қазан күні облыстық «Математикалық прогрессия»
байқауы болып өтті. Облыстық «Математикалық прогрессия» байқауынақала және
аудандардан 5 мұғалімнен қатысып, I орын Ақтау қаласы №17 мектептің математика
пәні
мұғалімі Ураков Алибек иеленіп, 10-мұғалім жүлделі орындармен
марапатталды.
«Математикалық прогрессия» байқауы қәзіргі таңда Бейнеу ауданы, Маңғыстау
ауданы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қалаларында өз
жалғасын табуда. «Математикалық прогрессия» байқауы облыс көлеміндегі
математика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттырып, өз білімін үздіксіз
жетілдіруді көздейді. Нағыз өз пәнінің маманы ғана мұрат-мақсатына жетеді.
Мақсатымыз жас ұрпақтың математика пәніне деген қызығушылығын оята отырып,
көптеген оқушылырымыздың білім гранттарын жеңіп алуына септігімізді тигізу.
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр
мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
шығармашыл педагог, Облыстық «Жас мамандар»
қауымдастығының жетекшісі
Достарыңызбен бөлісу: