білімнің қолжетімділігін, оқушылaрдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оқу-
әдістемелік, психологиялық жетелеуді жолға қою. Мұғалімдерді көшбасшылықтан
жасампаздыққа көшіру негізінде құзыреттіліктерін жетілдіру арқылы барлық
пәндердің берілу сапасын арттыру мен мемлекеттік
стандарттың орындалуын
қамтамасыз ету. Бәсекеге қабілетті смарт оқушылар, танымдық көзқарастары
қалыптасқан, салауатты тұлғаны жетілдіре отырып, педагогтардың үздіксіз кәсіби
дамуына жағдай жасау. Жасалған іс-әрекеттер негізінде
желілік қоғамдастық және
ресурстық орталық арқылы озық іс-тәжірибемен алмасу.
Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары, нені дамыту қажеттілігі,
дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз,
олардың нақты, қолжетімді және
шынайы болуы үшін прогностикалық аналитика жасалып, мектебіміз мектеп-лицей
бола тұра, аудандық, облыстық, республикалық түрлі сайыстардан жетістіктің төмен
болуы, оқушылардың түрлі сайыстарға деген қызығушылығының төмендігі
анықталды. Мектеп ұранының «Барлық оқушылары көшбасшы болатын мектеп»
екенін
ескере отырып, сауалнамалар мен SWOT талдамалары нәтижесінде
қорытынды жасай келе, әрбір оқушыны өзінің қызығушылығына қарай дамыту
мақсатында 3 жылдық жоба белгіленді. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында:
1. Ақыл
тәрбиесі,
2. Құлық тәрбиесі,
3. Сұлулық тәрбиесі,
4.
Дене тәрбиесі адам баласына тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны
деген тұжырымдамасын
басшылыққа ала отырып, мектебіміздің оқушыларын
«Smarter» (ақылды), «Brighter» (жарқын), «Stronger» (мықты) деп үш топқа бөліп
алып жобамызды «SBS - 2025» деп атап, осы жоба аясында мектебіміздің әрбір
оқушысын өз қызығушылығына қарай дамытуға мүмкіндік алдық.
Жобада
мұғалімдерге өз құзыреттілігі шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп, жұмыс аясы
анықталды, енгізілетін өзгерістердің қажеттіліктері талқыланып негізделді.
Мектепті дамытудың, өзгерістер енгізудің стратегиялық басымдықтары
нақтыланды, SMART мақсатқа сай «SBS – 2025» үш жылдық жобасы жасақталды.
Қажетті ресурстар анықталып, күтілетін нәтижелер болжанды.
Достарыңызбен бөлісу: