Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Қаниев Марат Амандықұлы
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП», «ДЕБАТ», «БАЛАЛАР МЕН ТЕАТР»,
«МЕКТЕП ЖӘНЕ АТА-АНА» ЖОБАЛАРЫН ІСКЕАСЫРУДАҒЫ
НӘТИЖЕЛІ ӘДІС
Мектептегі тәрбие мәселесі ең көп өзгеріске, толықтыруларға ұшырайтын
салалардың бірі. Бүгін сіз бен бізге тақырып бойынша сөз қозғаймын. Яғни осы
кезге дейін тәжірибеден «Оқуға құштар мектеп», «Дебат», «Балалар және театр»,
«Мектеп және ата-ана» жобаларын іске асырудағы нәтижелі әдісті бөлісетін
боламын.
Бұл жобаларды іске асыру бағытында әр мектеп әртүрлі шара өткізіп
жатқандығы жасырын емес. Оның бәрін әлеуметтік желіден байқап отырмыз.
Алайда көптеген ББҰ табысқа жете алмай жатыр. Осы жобалардың барлығын тиімді
өткізу үшін 3 қадам жасасақ жеткілікті екен. 
І қадам. Мектептерде үйірмелер құру. Оның ақылы, тегін деген екі нұсқасы
бар. Тегін үйірмелер мектептің вариативті сағаттарын шығады. Ал ақылы нұсқасын
өзіңіз жеке бағдарламаңызды ата-аналарға ұсына отырып, екі жақты келісіммен
өткізсеңіз болады. 
Мәселен, Ақшұқыр мектеп-лицейінде «Шаңырақ» пікірсайыс клубы, «Талант»
драма клубы, Оқырмандар клубы бар. Аталған клубқа қызығушылық танытқан кез
келген оқушы қатыса алады.
ІІ қадам. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру. Яғни, семинар, шеберлік
сабақтарын өткізу. Бұған арнайы маман шақырсақ та болады немесе ұжымдағы бір


педагогты түрлі курстарға қатыстырып, осы бағыт бойынша машықтандыруға
болады. 
Дәл осы ұстанымды негізге алып, облысқа танымал пікірсайшыларды
мектебімізге шақырып, шеберлік сағатын өткіздік. Жиын соңында қатысушыларға
сертиикат ұсынылды. Оқушылар арасында дебаттың не екендігін білу үшін әуелі
мұғалімдеріміз жақсылап түсінегі дұрыс деп ойлаймын.
Қазір «Дебат – ұшқыр ой алаңы» жобасының және «Шаңырақ» пікірсайыс
клубының жетекшілері мектебімізде нәтижелі жұмыс істеп, табысқа қол жеткізіп
жүр.
«Балалар және театр» жобасы аясында "Балаларды театр өнеріне баулу"
шеберлік сабағын актер, Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрының музыка
бөлімінің жетекшісі Ақтаев Қайрат Әзімтайұлы өткізген болатын. Біздің осы жобаға
жауапты мамандарымыз бар. 
"Оқуға құштар мектеп" жобасы жандандыру мақсатында әртүрлі
қаламгерлермен, әдебиеттанушылармен кездесулер өткіздік. Мәселен Зум
қосымшасы арқылы Мемлекеттік сыйлық иегері Төлен Әбдік, Дулат Исабековпен
жолығып, «Қарғын», «Оң қол» шығармаларын талдадық. 
Бұл кездесуге мектеп мұғалімдері, оқушылары, ата-аналары қатысты.
Өңірімізге белгілі жазушы, өлкентанушы Сайын Назарбекұлымен, баспагер Раиса
Қадырмен оқушыларымызды арнайы кездестірдік. 
ІІІ қадам. Жоспар құру. Әрине оқу жылының басында біз міндетті түрде
жоспар құрамыз. Әр шарамыздың уақытын белгілеп, жауапты тұлғаларды
тағайындаймыз, белгілейміз.
Жоғарыда алғашқы 2 қадам туралы тектен-тек айтқан жоқпын. Біз
мұғалімдерді ақпаратты үйіп-төгіп бергеннен соң, тәжірибеде шыңдауымыз керек. 
«1 кітап – 4 жоба» тәсілін естен шығармағандарыңыз абзал. Жас
ерекшеліктеріне қарай әр ай сайын бір сыныпқа көркем әдебиет ұсынамыз. Кітапты
оқып болғанна кейін оқушылар лэпбук дайындап, буктрейлер әзірлейді. Осы арқылы
мазмұнын қысқаша баяндап, креативтіліктерін көрсетеді.
Кейін таңдап алынған көркем әдебиеттің желісі бойынша сахналық
қойылымдар әзірлейді. Көрініске білім алушылармен қатар, ата-аналарын да қосуға
болады. 
Таңдап алынған көркем әдебиет шеңберінде сыныпішілік дебат турнирін
өткізеді. Спикер де, әділқазы да оқушының өзі болып, бірін-бір бағалайды,
академиялық адалдыққа дағдыланады.
ӘНХ-да көптеген тарихи тұлғаның атаулы мерейтойлары белгіленген.
Мәселен «Ыбырай күні» деген датаны алайық. Ыбырай Алтынсарин қатысты іс-
шараларымызды барлық жобалар негізінде өткізуге болады.
Қаламгердің «Таза бұлақ» шығармалар жинағын оқушылар ұсындық. Кейін
осы кітап негізінде зияткерлік сайыс өткізілді. Сонымен қатар, Ыбырайдың
әңгімелері желісі бойынша сахналық қойылымдар байқауы да өтті. «БП Ыбырай
Алтынсариннің ең үздік әңгімесін көрсетеді» тақырыбында жолдастық дебат
турнирі ұйымдастырылды. Жолдастық кездесуге көрші ББҰ-ның командасын
шақыруға да болады. Ал аталған шаралардың барлығына «Мектеп және ата-ана»


жобасын іске асыру үшін ата-аналарды қатыстырсақ, бір оқпен бірнеше қоянды ата
аламыз.
Енді осы 3 қадамды жасау арқылы қандай нәтижеге қол жеткізгеніміз жайында
тоқтала кетейін. Биылғы оқу жылында «Шаңырақ» пікірсайыс клубы Елбасы
академиясымен ынтамақтастыққа отырды, тұңғыш рет Республикалық дебат
турниріне жолдама алды.
Биылғы оқу жылында "Талант" драма театрының оқушылары облыстық
қойылымдар байқауында жеңімпаз атанды. Драма үйірмесінің жетекшісі Мухашева
Айсұлудың театр өнеріне қатысты әдістемелік құралы Алтынсарин академиясына
бекітуге ұсынылды.
Кітапхана деректеріне қарасақ, оқушылардың кітапқа қызығушылығы өзге
жылдармен салыстырғанда анағұрлым артқан. Бұл тізімнен педагогтер ата-аналарды
да көрсеңізлер болады.
Мұнайлы ауданы, №12 ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет