БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ)
Бастауыш білім берудегі негізгі мақсат жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу.
Бұл мақсаттың қолжетімділігі білім берудің мынадай бөліктерін құрайды:бейнелеу
өнері мен көркем еңбек. Кәсіби таңдау, қарым –қатынас, оқу, тану, құндылыққа
бағдарлауын, өзін-өзі дамыту т.б. сияқты дағдылар кіріктірілген пәндердегі оқыту
баланың әлемді тұтас қабылдауға ықпал етеді.
Көптеген зерттеушілер интеграцияланған сабақтың құрылымы туралы мынадай
қорытындыға келеді: ол әдеттегі құрылымнан формасымен емес, зерттелген білімнің
мазмұндық байланысымен ерекшеленеді.
Байланыс мазмұнның пәнаралық
интеграциясының арқасында қамтамасыз етіледі.
Интеграцияланған бейнелеу өнері
мен көркем еңбек пәндері кескіндеме, графика, мүсін, халықтық сәндік өнер, сәулет,
дизайн бөлімдерін қамтиды.
Бастауыш мектеп жасындағы интеграцияланған
сабақтар оқушыларға өмірлік тәжірибелерін кеңейтуге, өнерге деген қызығушылық
пен сүйіспеншілік, сұлулық сезімдерін тәрбиелеуге көмектеседі.
Бұл сабақтардағы
ұйымдастырушылық бастаманы эпиграфтан, элементтерден бастауға болады,
балаларды қызықтыру үшін театрландыру немесе рифма,
мақал - мәтелдер,
жұмбақтар, сонымен қатар метапәндік байланыстарды, мысалы: музыка, әдебиет,
дүниетану сияқты сабақтарды ықпалдастыру арқылы қоршаған орта туралы
түсініктерін тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.
Сабақ барысында қағазбен жұмыс
істеудің негізгі әдістері: желімдеу, шеберлік қиялдау, байқауды дамыту, құттықтау
сөздерін жобалау және модельдеу ашық хаттар, жаңа жылдық ойыншықтар,
коллажды пайдалану, витраждар, ұжымдық жұмыстар баланың көркем және
эмоционалды мәдениет әлеміне енуге ықпал етеді.
Осылайша, интеграция күрделі
құрылымдық процесс болып табылады: балаларға үйрету кез-келген құбылыстарды
әр түрлі
тұрғыдан қарастыру; білімді қолдану дағдыларын дамыту, нақты
шығармашылық мәселені шешуде әртүрлі дағдыларды қалыптастыру; оқушыларда
шығармашылық зерттеулерді өз бетінше жүргізу қабілеті және белсенді түрде
білдіруге деген ұмтылыс кез-келген шығармашылықта өзін-өзі тануға бағыт береді.
Қазіргі білім беруде баланың тақырып мазмұнын есте сақтаудан шығармашылықпен
ойлауын дамытуға қарай көшіру үшін оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімнің
кәсіби әдістемесі өзекті болып отыр. Сондықтан мұғалімдерден пәнді
ұйымдастыруда шығармашылықпен, тиімді тәсілдерді қолдануға, балалармен
белсенді қарым-қатынас орнатып, оқу мақсаттарына
қол жеткізуге көмектесетін
әдістерді пайдалану қажеттілігі талап етіледі.
"Көркем еңбек" оқу пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және
өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту,
шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік - технологиялық білімінің
негізін қалыптастыру.
Пәндерді кіріктіру- сол пәндердегі қандай да бір бөліктерді,элементтерді
біріктіру болып табылады.
КІРІКТІРУ
Оқыту мақсаты оқыту құралы нәтиже(дамыту)
1-кесте. Кіріктіру ұғымының мағынасы
Оқыту мақсаты - әлемді тұтас қабылдау,барлық элементтерінің
байланыстылығын көрсету.
Оқыту құралы - пәндік білімді ықпалдастыруда ортақ платформа табу,
жүйелеу, бөлшектерін байланыстыру.
Нәтиже - заманауи ойлаудың стилін бейнелеу, ойлаудың әр түрлі формалары
және пәндік әрекеттердің
арасындағы байланысты орнату,оқушының толыққанды
әрекетінің жүйелілігін қаматамасыз ету. (1-кесте)
Кіріктерілген пәндерді оқытуда мұғалім тарапынан үдеріс өнімді болу үшін
мынадай әдістер қолданылады:
1. Репродуктивті
2. Проблемалық
3. Ізденістік
4. Зерттеушілік
Кіріктірілген пәндерде оқытудың көлденеңнен және тігінен оқыту
ерекшеліктері де қарастырады.
КӨЛДЕНЕҢНЕН
КІРІКТІРІЛІП ОҚЫТУ
ТІГІНЕН
4 сынып, «Мәдени мұра» ортақ тақырыбы , «Қазақтың
ұлттық зергерлік
бұйымдары» тақырыбы, оқу бағдарлмасындағы оқу мақсаттары:
1-бөлім "Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту": 4.1.2.2 қазақ
халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін
анықтау және суреттеу,
2-бөлім "Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау":
4.2.3.1 тиімді
тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай
отырып, өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау,
қосу және біріктіру
3-бөлім "Презентация, талдау және бағалау":
4.3.1.1 өз жұмысының (эскиз,
бұйым) негізгі идеясын және процесін шығармашылық әдістермен, арнайы
терминологияны пайдаланып, таныстыру осы мақсаттарды іске асыру сабағында
«көлденеңнен және тігінен» оқыту әдістерін қолдануға болады.
Бұл әдістердің ерекшелігі әр пәннің элементтері бір пән аясындағы мақсатты
жүзеге асыруда біріктіріліп, біртұтас білім, түсінік, дағдылар қалыптастырылады.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылық идеяны зерттеу және дамытуда, яғни
қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының тарихымен танысуда алдымен ақпарат
жинақтап,танысып, олардың тұрмыстық қолданыстағы ерекшеліктерін
анықтап,басқа ұлттың бұйымдарымен салыстырып,
ол туралы ауыз әдебиетіндегі
өлең - жырларды, мақал - мәтелдерді оқып,содан кейін жұмысты дайындау және
жасауда өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру сияқты қажетті математикалық
өлшемдерді қолданады, дайындаған бұйымын презентациялауда жұмысын
бағалайды.
Кіріктірілген пәндерді оқыту сабақтарында бір тақырып аясында бірнеше
пәннің тақырыптық мазмұны біріктіріледі.
Кіріктірілген пәндерді оқытудағы мүмкіндіктер:
-Оқушының оқу-танымдық және тәрбиелік деңгейін көтеруге ықпал етеді;
-Пәнді терең зерттеуге, құбылыстарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді;
-Уәжін
арттырады,танымдық қызығушылығын қалыптастырады;
-Дәстүрлі емес мазмұндағы қызықты тақырыптарды оқуға қызығушылығын
танытады;
-Сезім мен ойлауды байытуға ықпал етеді;
-Қалыпты сабақтардан гөрі кең көлемде берілетін ақпараттармен жұмыс жасау,
зерттеушілік, ізденушілік дағдылары қалыптасады;
-Алған білімдерін жүйелеуге мүмкіндік береді;
-Сабақтың әр уақыт бөлігінде оқушының белсенді әрекет етуіне және
жұмысты шығармашылықпен орындауға ықпал етеді;
-Оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастырады;
-Пәнді
теориялық,тәжірибелік және демонстративті түрде
қарастыруға ықпал етеді. т.б.
Бастауыш сыныпта көркем еңбек пәнінде басқа пәндерге қарағанда оқушыны
шынайы өмірде өзін бейімдеуіне, әлеуетін дамытуға, қоршаған ортаны белсенді
түрде тануға ықпал ететін тәжірибелік дағдыларды кең ауқымда меңгертуді көздейді.
Қарақия ауданы, №9 бастауыш мектеп
КММ-нің кітапханашысы
Достарыңызбен бөлісу: