болған жоқ. Қайып хан мен Əбілқайыр ханның жоңғарларға қарсы күресі нəтижесіз
аяқталды. Екі билеушінің арасында қайшылықтар мен келіспеушіліктер орын алды.
Сондай-ақ, хандардың орталықтанған мемлекет құру, ұлыстар мен жүздерді біріктіру
жөніндегі ойлары жүзеге аспады.
Қазақ хандығына жоңғарлардан басқа батыс жақтан Еділ қалмақтары, солтүстіктен сібір
казактары, башқұрттар, оңтүстіктен ортаазиялық мемлекеттер жиі жорықтар жасап
отырды. ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары қазақтардың өмірінде өте ауыр кезең басталды.
Бұл ауыр жағдайдыңболуы соғыспен жəне жұтпен байланысты болды. Ол қазақтардың
шаруашылығына көп нұқсан келтірді.
Қазақтар жоңғарлардың қысымынан батысқа қарай ығысты. Ұлы жүз Ходжент арқылы
оңтүстікке жылжыды. Орта жүз Самарқанға жəне Бұхараға қарай бет алды. кіші жүз
Хиуа мен Еділ бойына ығысты. Ташкент, Түркістан бастаған 32 қала жоңғарлар
қолында қалды. Бұл ауыр жағдайдан шығудың басты жолы ұйымдасқан түрде жауға
қарсы төтеп беру, яғни жоңғарлардың батысқа қарай жылжуын тоқтату еді.
Достарыңызбен бөлісу: