Тарих 90 жауаптар


)Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың



Pdf көрінісі
бет65/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Тарих 90 жауаптар

86)Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
Президент өз мақаласында Тəуелсіздік алғанымызға биыл отыз толатынын, осы жылдар
ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты
шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сəт болғанымен, біздің еліміз үшін
тəуелсіздік
тұғырын
тұрақтандырған,
ұлттық
құндылықтарымызды
саралап
қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала,
азаттықтың отыз жылын тұтас дəуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі.Əрбір
онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап,


алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тəуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің
іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің
қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күштеріміз құрылған,
саяси-экономикалық аренада алыс жəне таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия,
Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық
қатынастар орнатып, əлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап
өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны
туралы жəне бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңызды болғанын талдап
көрсетеді.
87)Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жəне халықаралық
қатынастары.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тəуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан
Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мəселесін алға
қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Əлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың
субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси
құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою жəне
дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану жəне игеру.
5. Халықаралық қатынастар мəдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті
қалыптастыру.
Жас тəуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мəселе
мемлекеттер мен əлемдік қауымдастықтың оны дербес, тəуелсіз мемлекеттік құрылым
ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық
субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан
Республикасы тəуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол
жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, əлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен
дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты
легитимделуі бірқатар ішкі жəне сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі əлемнің
басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО


құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тəуелсіз мемлекеттерді басқа
мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ жəне оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы
тəуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ
Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тəуелсіздік
туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы
Конституцияда жəне жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы
Конституцияда дамытылған жəне нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық,
бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып
қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел
мəртебесі, екіжақты жəне көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ жəне оның
құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру жəне оның
легитимділігі экономикалық жəне саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық
өмірдің мемлекеттен тыс жəне дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді.
Осы экономикалық жəне саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды
консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами
құндылықтарды (нарық жүйесі жəне баламалы айырбас, тату көршілік жəне күш
қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер
нормаларының басымдығы жəне т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып
шықты.
Төртіншіден, əлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси
түрақтылығы ерекше мəнге ие болды. Осының нəтижесінде Қазақстанды əлеуметтік
қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мəселелерді
жүзеге асыруда берік болатын елдегі əлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстан Республикасы тəуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты
принциптері негізінде қызмет етуі жəне мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін
жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Əрине, осы
сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін
деструктивті болмауы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет