Тарих 90 жауаптар


)«Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі



Pdf көрінісі
бет63/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Тарих 90 жауаптар

81)«Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған
стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент
Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда
көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, əлеуметтік əділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың
экономикалық əл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тəуелсіз, гүлденген жəне саяси
тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді
негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:


1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым, əсіресе көлік жəне байланыс.
7. Кəсіби мемлекет.
82)Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып,
осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы кеңестің сессиясында мақұлданып,
президенттің жарлығымен бекітілді. Ал үшінші кезең 1996-1998 жылдарды қамтуы тиіс
болды.Осыған байланысты көптеген жаңа заң, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа
да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мəселелерімен айналысатын
жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға
қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден
83)Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым жүйелеріндегі реформалар.
«Болашақ» бағдарламасы.
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін
сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен
қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше,
Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды
жүрді.Білім беру саласында жүргізілген реформаға сəйкес, 90-шы жылдары бірқатар
өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен
мемлекеттік оқу орындарында кəсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді;


үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп,
басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дəрежеде білім алуға рұқсат берілді;
кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен
ғылыми-зерттеу институттарына кəсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға
мүмкіндік берілді; ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі əлеуметтік
орын ретінде дербестікке ие болды.1993 жылы 5 қараша күні Қазақстан
Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің қаулысымен «Болашақ» Халықаралық
стипендиясы бекітілді.
Бағдарлама мақсаты - елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды жəне
мамандарды даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дəрежесін алуды,
сонымен қатар əлемнің жетекші компанияларында жəне университеттерінде ғылыми
жəне туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің таңында одан арғы реформаларды іске асыру
жəне халықаралық сахнада елді лайықты таныстыру үшін жоғары білікті кадрлар қажет
болды.
Алғашқы рет бұрыңғы Кеңес одағының мемлекеттер тарихында дарынды жастарға
шетелде білім алуға мүмкіндік ұсынылды.
«Болашақ» стипендиясы сəтті мансап дамуының жəне оның түлектері кəсіби өзін-өзі
танытудың ерекше кепілгері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет