Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет134/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153
suraganova turizm inf

253
3-НҰСҚА
1. Байланыс түрлерін көрсет:
A. Пошталық, электр, фельдшерлік
B. Ішкі, халықаралық
C. Аталғандардың барлығы
D. Кабельдік, спутниктік
E. Ұлттық, аймақтық
2. Қонақүй бизнесіндегі еңбек ресурстарына əсер ететін ұйымның тү-
рін атаңыз. 
A. Механикалық жəне органикалық
B. Физикалық жəне биологиялық
C. Географиялық
D. Химиялық жəне геометриялық
E. Жеке жəне мемлекеттік
3. Сыртқы сауданы ұйымдастыруға арналған арнайы мекемелерден тұ-
ра тын инфрақұрылым:
A. Сауда инфрақұрылымы
B. Көлік инфрақұрылымы
C. Əскери инфрақұрылымы
D. Əлеуметтік инфрақұрылымы
E. Ғарыштық инфрақұрылым
4. Инфрақұрылым қалай бөлінеді?
A. материалық жəне материалдық емес
B. үлкен жəне кіші
C. өндірістік жəне əлеуметтік
D. сыртқы жəне ішкі
E. мемлекеттік жəне мемлекеттік емес
5. Табиғи орта бойынша көлік инфрақұрылымының бөлінуі
A. Жергілікті, аймақтық B. Бөлінбейді
C. Турагент, туроператор D. Жер, əуе, су E. Ғарыш
6. Транспорт инфрақұрылымының қай түріне жатады?
A. өндірістік B. əлеуметтік C. ішкі D. сыртқы E. мемлекеттік
7. Д. Минер Қонақүй бизнесі менеджментінде карьераны дамыту 
ынта ландырудың келесі түрлерін қарастырған:
A. Бай жəне кедей
B. Иерархиялық жəне мамандандырылған ынталандырулар
C. Физиологиялық жəне психологиялық
D. Жеңіл жəне қиын
E. Тұрақты жəне өзгермелі


254
8. Иерархиялық ынталандыру маңызы
A. Күнделікті, мерзімдік, əлеуетті
B. Қызметкерлерде кəсіпорыннан білімнің үлкен көлемін алуға 
қалаулығын
C. Иерархиялық жəне мамандандырылған ынталандырулар
D. Дұрыс жауабы жоқ
E. Қызметкерлерге көп төленетін орындарға жету қалаулығын туғызады.
9. Мамандандырылған ынталандыру: 
A. Қызметкерлерге көп төленетін орындарға жету қалаулығын туғызады
B. Қызметкерлерге кəсіпорыннан білімнің үлкен көлемін алуға 
қалаулығын туғызады
C. Дұрыс жауабы жоқ
D. Иерархиялық жəне мамандандырылған ынталандырулар
E. Күнделікті, мерзімдік, əлеуетті
10. Туризм инфрақұрылымының қай түрлеріне жатады?
A. Жергілікті, аймақтық
B. бөлінбейді 
C. Бірінші реттік жəне екінші реттік
D. Турагент, туроператор
E. Ғарыш
11. Қонақүй бизнесі менеджментінде карьераның даму жолдарының 
қандай түрлері бар?
A. Сызықтық
B. Радикалды 
C. Тігінен, көлденең, сатылы
D. Шеңберлік
E. Рационалды
12. Қонақүй бизнесі менеджментінде еңбек нəтижелерін бағалаудың 
неше түрлері бар?
A. 2 B. 4 C. 6 D. 8 E. 3
13. Қонақүй бизнесі менеджментінде еңбек нəтижелерін бағалаудың 
қандай түрлері бар?
A. Күнделікті, мерзімдік, əлеуеттік.
B. Қызметкерлерге көп төленетін орындарға жету қалаулығын туғызады
C. Қызметкерлерге кəсіпорыннан білімнің үлкен көлемін алуға 
қалаулығын
D. Дұрыс жауабы жоқ
E. Иерархиялық жəне мамандандырылған ынталандырулар


255
14. Қонақүй бизнесіндегі бағалау объектісіне нелер жатады?
A. Жұмыс нəтижелілігі
B. Жұмыс көлемі
C. Жұмыс сапасы
D. Барлық жауаптар дұрыс
E. Арыздардың болмауы
15. Инновациялық менеджент дегеніміз не?
A. Тұтынушының міндетті түрде болуға тиіс деп ойлайтын қызметтер 
жиынтығы
B. Бұл басқаратын адамдар мен оның қызметкерлерінің арасындағы 
қарым-қатынас
C. Тұтынушының міндетті түрде болуға тиіс деп ойлайтын қызметтер 
жиынтығы.
D. Бұл қызметтердің техникалық жəне функционалдық 
сипаттамаларының жиынтығы
E. Бұл белгілі бір басқарылатын объектінің дамуымен кемелденуіне 
жəне капиталдың өсуіне қандай да бір жаңашылдықты жасау мен игеруді 
басқаратын жүйе.
16. Қонақүй бизнесі менеджментінде инновацияда қолданылатын 
түсі ніктерді көрсет. 
A. Инновациялық өнім, инновациялық процесс
B. Күнделікті, мерзімдік, əлеуеттік
C. Физиологиялық жəне психологиялық
D. Механикалық жəне органикалық
E. Иерархиялық жəне мамандандырылған
17. Инновациялық цикл неше тoптан тұрады?
A. 1 B. 4 C. 3 D. 5 E. 7
18. Инновациялық циклдің этаптарын атаңыз.
A. Зерттеу
B. Эксперимент
C. Барлық жауап дұрыс
D. Жаңа қызметтерді көрсету бойынша кадрларды дайындау
E. Жаңа өнімді өткізу бойынша жарнама əзірлеу
19. «Инновациялық өнім» неше фазадан тұрады?
A. 2 B. 5 C. 4 D. 6 E. 8
20. «Инновациялық процесс» неше сатыдан тұрады?
A. 1 B. 3 C. 4 D. 5 E. 7


256
21. Инновацияның қолдау орнына байланысты неше топтан тұрады?
A. 3 B. 2 C. 4 D. 12 E. 8
22. Инновацияны қолдау орнына байланысты негізгі топтарын атаңыз.
A. Өнімдік
B. Технологиялық
C. Басқарушылық 
D. Барлық жауап дұрыс
E. Ұйымдастырушылық
23. Өнімдік инновация:
A. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері
B. Бұрын болмаған жаңа бір өнімді қалыптастыру
C. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру
D. Өнімді өндірудің жаңа технологиялары
E. Өндірісте немесе тұтынуда қолданылатын жаңа өнім
24. Технологиялық инновация: 
A. Өндірісте немесе тұтынуда қолданылатын жаңа өнім
B. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері
C. Өнімді өндірудің жаңа технологиялары.
D. Қонақүй бұрын қолданған əдістер, түрлер, əдістемелер
E. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру
25. Басқарушы ұйымдастырылушылық инновация
A. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері.
B. Бұрын болмаған жаңа бір өнімді қалыптастыру
C. Өндірісте немесе тұтынуда қолданылатын жаңа өнім
D. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру
E. Өнімді өндірудің жаңа технологиялары
26. Инновациялық өнімді қалыптастыру классификациясының неше 
түрі бар?
A. 4 B. 3 C. 5 D. 7 E. 11
27. Инновациялық өнімді қалыптастырудың классификациясына қай-
сысы жатады?
A. Орын басатын 
B. Барлық жауап дұрыс
C. Жоятын
D. Қайтарылымды
E. Ашатын


257
28. Инновациялық өнімді қалыптастырудың орын басу классификация-
сы деген не?
A. Жаңа функциялардың пайда болуына байланысты тауарды жою
B. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері
C. Қонақүй бұрын қолданған əдістер, түрлер, əдістемелер
D. Бұрын болмаған жаңа бір өнімді қалыптастыру
E. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру.
29. Инновациялық өнімді қалыптастырудың жою классификациясы де-
ген не?
A. Жаңа функциялардың пайда болуына байланысты тауарды жою
B. Бұрын болмаған жаңа бір өнімді қалыптастыру
C. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері
D. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру
E. Қонақүй бұрын қолданған əдістер, түрлер, əдістемелер
30. Инновациялық өнімді қалыптастырудың қайтарымды классифика-
циясы деген не?
A. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері
B. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру
C. Жаңа функциялардың пайда болуына байланысты тауарды жою
D. Қонақүй бұрын қолданған əдістер, түрлер, əдістемелер
E. Бұрын болмаған жаңа бір өнімді қалыптастыру
31. Инновациялық өнімді қалыптастырудың ашатын классификациясы 
деген не?
A. Қазіргі қолданып жатқан өнімді толығымен ауыстыру
B. Қонақүй бұрын қолданған əдістер, түрлер, əдістемелер
C. Бұрын болмаған жаңа бір өнімді қалыптастыру.
D. Жұмысты ұйымдастыру мен өндірісті басқарудың жаңа əдістері
E. Жаңа функциялардың пайда болуына байланысты тауарды жою
32. Қонақүй бизнесіндегі инвестициялық қызметінің қаржылық 
көздерінің неше түрі бар?
A. 4 B. 3 C. 5 D. 7 E. 11
33. Қонақүй бизнесіндегі инвестициялық қызметінің қаржылық 
көздерін көрсетіңіз.
A. Жекеменшіктік
B. Барлық жауап дұрыс
C. Мемлекеттік
D. Шаруашылық субъектілер
E. Мемлекеттік меншік пен акция пакеті
17–1037


258
34. Кадрларды дайындау қай түрге жатады?
A. Сауда B. Ғылым C. Байланыс D. Көлік E. Əскери
35. Корпоративті мəдениет жақтарын көрсетіңіз.
A. Мемлекеттік
B. Жекеменшік
C. Шаруашылық субъектілер
D. Мемлекеттік меншік пен акция пакеті
E. Сыртқы жəне ішкі орта
36. Қонақүй шаруашылығының беделі немен анықталады?
A. Тамағымен
B. Орналасқан жерімен
C. Кезекшіліктің болуымен
D. Қызмет көрсету сапасымен
E. Күзеттің болуымен
37. TQM сапаны басқару моделі қайда пайда болған?
A. Қазақстан B. АҚШ C. Жапония
D. Африка E. Антрактида
38. Six sigma сапаны басқару моделі қай жақтың моделі болып саналады?
A. Жапониялық B. Қазақстандық C. Австралиялық
D. Америка-Европалық. E. Ресейлік
39. Қайсысын туризм инфрақұрылымы ретінде санауға болмайды?
A. Көлік B. Сауда C. Байланыс D. Ғылым E. Балаларды қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет