Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет135/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153
suraganova turizm inf

4-НҰСҚА
1. Қандай қызмет бөлімі кондиционерлік жылумен қамтамасыздан ды ру 
санитарлы-техникалық құралдардың, теледидар мен байланыс жүйелері нің 
қызметіне жағдай жасаумен айналысады?
A. Гүл сыйлау
B. Парковка қызметі
C. Инженерлік-техникалық
D. Күзету қызметі
E. Тамақтандыру қызметі
2. Қандай тасымалдау жүйесі ең жақсы болып табылады?
A. Жапон B. Қытай C. АҚШ D. Ұлыбритания E. Франция
3. Қонақүй шаруашылығының жəне қонақжайлылық индустриясының 
мəні мен маңызы:
A. Тұтынушылардың жəне шаруашылықтағы субъектілердің мүд де сін 
қорғайтын индустриалды жəне қауіпсіз қызмет құру


259
B. Тұтынушылардан жəне шаруашылықтағы субъектілерден пайда табу
C. Тұтынушылардың жəне шаруашылықтағы субъектілердің еркіндігін 
қамтамасыз ету
D. Тұтынушылардың жəне шаруашылықтағы субъектілерді күзету
E. Тұтынушылардың жəне шаруашылықтағы субъектілерді 
тамақтандыру
4. Алғаш рет теміржол бойынша топтық саяхатты ұйымдастырған кім?
A. Джеймс Кук B. Хилтон C. Статер D. Ритц E. Томас Кук
5. Қоғамдық көліктің ең көне түрі:
A. Пойыз B. Автобус C. Троллейбус D. Трамвай E. Самолет
6. Жолдар желісі, көлік, байланыс, қалалық жер асты жолдары қалай 
аталады?
A. Коммерция B. Аттестация C. Сертификация
D. Лицензия E. Коммуникация
7. Мотельдерде қызмет көрсету былай сипатталады?
A. Қызмет көрсетудің ең жоғарғы деңгейі
B. Шектеулі деңгей, қызметшілердің аз саны
C. Қызмет сапасының ең жоғарғы деңгейі
D. Кең көлемдегі қызметтерді ұсыну
E. Ұсынылатын қызмет түрлерінің көп болуы
8. Мотельдің шарттары
A. Кең көлемдегі қызметтерді ұсыну
B. Шектеулі деңгей, қызметшілердің аз саны
C. Қызмет сапасының ең жоғарғы деңгейі
D.Қызмет көрсетудің ең жоғарғы деңгейі
E. Қарапайым жəне тез қызмет көрсету, тамақтандыру жүйесі жоқ
9. Бес жұлдызды қонақүй нөмірлеріндегі телефондарға қандай талап 
қойылады?
A. Телефон арқылы басқа қонақүй бөлмелерімен, қалааралық, елдер-
мен, қаламен сөйлесу мүмкіндігі
B. Телефон жоқ
C. Ішкі байланыс үшін қоңырау жəне ұялы телефон
D. Ішкі телефон жəне өтініш бойынша қалалық телефонды қосу
E. Басқа қонақүй бөлмелерімен жəне қаламен байланыс


260
10. Екі жұлдызды қонақүй жүйесін жылытуға қандай талаптар 
қойылады?
A. Қажетінше жылыту 
B. Нөмірлерді қосымша жылыту құралдары арқылы жылыту
C. Нөмірлерді жəне қоғамдық бөлмелерді жылыту
D. Қонақтарға арналған арнайы кондиционерлеу
E. Нөмірлерді жəне қоғамдық бөлмелерді жылыту
11. Кітапхана инфрақұрылымның қай түріне жатады?
A. Сауда B. Ғылым C. Байланыс D. Көлік E. Əскери
12. Іскерлік мəдениеттің моноактивті түрін сипаттаңыз.
A. Көп іспен бір уақытта айналысатын соңына дейін жеткізбей, 
басқаларына көше алатын; қозғалмалы көпшіл халық
B. Өз өмірін жоспарлауға, кесте құруға, іс-əрекетті белгілі ретпен 
ұйымдастыруға жəне тек бір іспен айналысуға негізделген мəдениет.
C. Түрлерін сипаттауға келмейді
D. Сыпайылық пен құрметтеуге көп көңіл бөлетін өзгермелі жағдайларға 
реакция ретінде жүретін мəдениет өкілдері
E. Дұрыс жауабы жоқ
13. Іскерлік мəдениеттің полиактивті түрін сипаттаңыз.
A. Өз өмірін жоспарлауға, кесте құруға, іс-əрекетті белгілі ретімен 
ұйымдастыруға жəне тек бір іспен айналысуға негізделген мəдениет
B. Дұрыс жауабы жоқ
C. Түрлерін сипаттауға келмейді
D. Сыпайылықпен құрметтеуге көп көңіл бөлетін өзгермелі жағдайларға 
реакция ретінде жүретін мəдениет өкілдері
E. Көп іспен бір уақытта айналысатын оларды соңына дейін жеткізбей, 
басқаларына көше алатын; қозғалмалы көпшіл халық
14. Іскерлік мəдениеттің реактивті түрін сипаттаңыз.
A. Көп іспен бір уақытта айналысатын оларды соңына дейін жеткізбей, 
басқаларына көше алатын; қозғалмалы көпшіл халық
B. Түрлерін сипаттауға келмейді
C. Дұрыс жауабы жоқ
D. Сыпайылықпен құрметтеуге көп көңіл бөлетін өзгермелі жағдайларға 
реакция ретінде жүретін мəдениет өкілдері
E. Өз өмірін жоспарлауға, кесте құруға, іс-əрекетті белгілі ретімен 
ұйымдастыруға жəне тек бір іспен айналысуға негізделген мəдениет


261
15. Моноактивті өкілдерге кімдер жатады?
A. Барлық жауап дұрыс
B. немістер
C. ағылшындар
D. американдықтар
E. Солтүстік еуропалықтар
16. Полиактивтілер өкілдеріне кімдер жатады?
A. Латын Американдықтар
B. Оңтүстік еуропопалықтар
C. Барлығы дұрыс
D. Орыстар
E. Дұрыс жауабы жоқ
17. Реактивті мəдениет өкілдеріне қай мемлекеттер кіреді?
A. Барлық жауап дұрыс B. Қытай C. Жапония
D. Тайвань E. Түркмения
18. Қонақүй бизнесі менеджментіндегі басқару түрлеріне қайсысы жат-
пайды?
A. Жоспарлау B. Ұйымдастыру C. Күту
D. Бақылау E. Ынталандыру
19. Қандай қызмет бөлімі нөмірлерді брондау, қабылдау, тіркеу жəне 
орналастыру жұмыстарымен айналысады, сонымен қатар нөмір ішінде ту-
ристерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді?
A. Нөмір қорын басқару қызметі
B. Тамақтандыру қызметі
C. Күзету қызметі 
D. Парковка қызметі
E. Гүл сыйлау
20. Қай қызмет бөлімі қонақүй кешенінің барлық қызмет түрлерін 
басқаруды ұйымдастыруға жауапты, сонымен қатар, қаржылық жəне ма-
мандармен қамтамасыздандыруды шешеді?
A. Əкімшілік
B. Парковка қызметі
C. Гүл сыйлау
D. Тамақтандыру қызметі
E. Күзету қызметі


262
21. Француздық қызмет көрсетудің ерекшелігі:
A. Арзандылығы, шапшаңдығы
B. Қымбаттылығы, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі
C. Ерекшелігі жоқ
D. Дəмсіздігі
E. Тұзсыздығы
22. Білім беру, денсаулық сақтау, сауда инфрақұрылымының қай түріне 
жатады?
A. Көлік инфрақұрылымы
B. Əскери инфрақұрылымы
C. Ғарыштық инфрақұрылым
D. Ғылыми инфрақұрылым
E. Əлеуметтік инфрақұрылымы
23. Қызмет сапасы дегеніміз не?
A. Персоналдың сенімшілдікке қол жеткізе алушылығы
B. Себепті ұйғарылған қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын қызмет 
көрсету процесі мен жағдайларының сипаттамасының жиынтығы
C. Себепті ұйғарылған қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын қызмет-
тер сипаттамасының жиынтығы.
D. Клиентке көмек көрсетуге дайындығы жəне көмекті уақытында беру
E. Қызмет көрсету жайлы нақты жəне уақытылы, қайта сұрамайтындай 
ақпарат беру
24. Бір жерге, елді мекенге, аумаққа немесе сол жердегі басқа елге ту-
ризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген 
жеке тұлға:
A. экскурсант B. Турист C. экскурсовод
D. гид E. турагент
25. ҚР-ның аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың ҚР шегіне келу 
саяхаты
A. ішкі туризмі B. шығу туризмі 
C. келу туризмі
D. Іссапар саяхаты E. Саяхатқа жатпайды
26. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері қай бапта 
көрсетілген? 
A. 7 бап B. 8 бап
C. 10 бап
D. 2 бап 
E. 6 бап


263
27. Туристік қызметті лицензиялау қай бапта көрсетілген?
A. 17 бап 
B. 13 бап 
C. 20 бап
D. 15 бап 
E. 22 бап
28. Қай орган туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту 
шарасы ретінде кəсіпкерлікті дамытып қорғайды?
A. Республикалық орган B. Аймақтық орган 
C. Халықаралық орган D. Жергілікті атқарушы орган E. Қалалық орган
29. Коммуникабельдік дегеніміз не?
A. Қызмет көрсету жайлы нақты жəне уақытылы, қайта сұрамайтындай 
ақпарат беру.
B. Қонақүйдің клиентке көрсететін жеке қызмет көрсетулері
C. Клиентке көмек көрсетуге дайындығы жəне көмекті уақытында беру
D. Персоналдың серт берген қызметтерді нақты орындай алушылығы - 
сапалы қызмет бағдарламасын қалыптастыруды білдіреді
E. Персоналдың сенімшілдікке қол жеткізе алушылығы
30. Ұқыпты қарым-қатынас дегеніміз не?
A. Қонақүйдің клиентке берген жеке қызмет көрсетулері.
B. Персоналдың сенімшілдікке қол жеткізе алушылығы
C. Қызмет көрсету жайлы нақты жəне уақытылы, қайта сұрамайтындай 
ақпарат беру
D. Клиентке көмек көрсетуге дайындығы жəне көмекті уақытында беру
E. Персоналдың серт берген қызметтерді нақты орындай алушылығы 
сапалы қызмет бағдарламасын қалыптастыруды білдіреді
31. Қол жеткізушілік дегеніміз не?
A. Клиентке көмек көрсетуге дайындығы жəне көмекті уақытында беру
B. Персоналмен байланысты орнатудың жеңілдігі
C. Персоналдың сенімшілдікке қол жеткізе алушылығы
D. Қонақүйдің клиентке берген жеке қызмет көрсетулері
E. Персоналдың серт берген қызметтерді нақты орындай алушылығы, 
сапалы қызмет бағдарламасын қалыптастыруды білдіреді
32. Жүйелік жоспарлау қандай процесс?
A. Белгілі бір мерзімде ғана дамитын процесс
B. Тоқтап тұратын процесс
C. Үздіксіз дамитын процесс.
D. Басқару жүргізетін процесс
E. Параллельді түрде жүретін процесс


264
33. Басқару сипаты бойынша жоспарлау қалай жіктеледі?
A. Директивті жəне индикативті
B. Стратегиялық, оперативтік, индикативтік, сандық 
C. Стратегиялық, тактикалық, техникалық
D. Формалды, инкременталды, жүйелік
E.Статистикалық, сапалық, ұйымдастырушылық
34. Туристік кəсіпорынды сертификаттаудың қандай түрлері белгілі?
A. Міндетті түрде
B. Міндетті жəне өз еркімен
C. Жасанды, заңды
D. Тек өз еркімен
E. Табиғи, жасанды
35. Қазақстандағы алғашқы туристік база:
A. Көкжұлдыз B. Таулы бақша C. Горельник
D. Яхонит E. турист
36. Мемлекеттік шекарадан өткендегі туристің кету жəне келуін 
мемлекеттік орган бекіткен ережелер мен шарттарды, белгілі міндеттерді 
орындау процедуралары болып саналатын не?
A. Сақтандыру B. Лицензиялау C. Стандарттау
D. Сертификаттау E. Туристтік формальдық
37. Дүниежүзілік туристік ұйым
A. Туризмнің концепциясы
B. Туризмдегі инвестициялау 
C. Квота
D. Қонақүйлердің классификациясы
E. Туризм бойынша халықаралық үкіметаралық ұйым
38. Қай жылы туризмнің қазіргі заман кезеңі дами бастады?
A.1820 ж. B.1945 ж. C.1841 ж. D.1990 ж. E.1890 ж.
39. Туризмдегі инвестициялау: 
A. Лицензия
B. Туризм дамуында капиталдық салымдардың бағытын реттейтін 
принциптердің жүйесі
C. Саяхаттың маршруты
D. Коммисиондық сыйақы
E. Туризмнің концепциясы


265
40. Туризмнің материалдық-техникалық базасына анықтама
A. Туристерге орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру жəне 
сауықтандыру қызметін көрсететін кəсіпорындар жиынтығы
B. Туризмді ұйымдастырудағы экономикалық тиімділік
C. Туристік көрсетілім объектілері
D. Туристік мақсатты жүзеге асыруға ықпал ететін объектілер
E. Туристерге қолданылатын еңбек құралдарының жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет