273
Қызмет көрсетудің оптималды бағдарламасы –
сатып алушының
қажеттіліктерін жəне қызмет көрсетудің тақырыбы, яғни қызметтердің
құрамына, олардың көлемі жəне көрсету ретін қадағалайтын бағдарлама.
Мейрамхана (француз сөзi restauer – күштi қалпына келтiру,
тамақтандыру) - қонақтарға (клиенттерге) тамақ, сусын,
кондитер
өнiмдерiнiң, сонымен қатар фирманың жəне күрделi дайындаудың кең
ауқымды ассортиментiн ұсынатын тамақтандыру кəсiпорны.
Мейрамхана бизнесi – негiзгi гигиеналық жəне заңнамалық талаптарға
жауап беретiн арнайы орында тұтынушыларды тамақпен, сусынмен
қамтамасыз ететiн ұйым.
Мейрамхана - клуб – мейрамхананың бұл
типi белгiлi бiр топтағы
үнемi келушiлер контингентiнiң уақыт өткiзуiн, достарымен, таныстарымен
кездесуiне негiзделген болып табылады. Бұл кездесудiң ерекше бiр түрi.
Мейрамхана сервисi – тамақтандыру жүйесiндегi əр түрлi жеке
тағамдар тұтынуының өсуiн көрсететiн мəдени-экономикалық
процестер
динамикасының өзiндiк əлеуметтiк-ұйымдастырушылық аясы.
Менеджмент – шаруашылық қызметтi жəне қызметкерлердi,
əлеуметтiк-экономикалық процестердiң ұйымы деңгейiнде басқару.
Мəзір – бұл сату құралы, кулинарлық идеялар каталогы жəне
тұтынушыларға ұсыну тəсiлi.
Менюдi жоспарлау – мейрамханаға қандай
тұтынушылар келетiнiн
болжау, бағалар мен ассортименттi анықтау. Меню терминi француз
сөзi menu, ол тағамдар мен сусындардың таңертеңгi, түскi, кешкi астағы
тiзбесiн, сонымен қатар асханалар мен мейрамханалардағы рационның
(үш мезгiл тамақ) құрылуын бiлдiредi. (Менюге
екiншi анықтама, меню –
тағамдар атауы жазылған бланк, карта, қағаз бетi).
Мотель – автомобиль жолдарының жанында орналасқан қонақүй.
Мұнда автомашиналар тұрағы болады. Сонымен қатар, мұнда қызметтер
шектеулi, бiрақ өте төмен бағамен ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: