Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана



Pdf көрінісі
бет10/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына 
азаматтық заңдар қолданылады. 
Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік 
қатынастарды 
реттейді, 
алайда, 
еңбек 
үрдісі 
кезіндегі 
қатынастарды реттемейді. Еңбек заңдары еңбек үрдісін реттейді 
жəне қызметкер үшін белгілі бір құқықтық режимді, құқықтық 
кепілдіктерді белгілейді. 
Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек құқығына ұқсас 
сипаттары көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға еңбекті 
жəне қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек 
құқығы мен бұл құқық салаларының арасында бірқатар 
айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы дербес емес (жалданбалы) 
еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын реттейді. Жер жəне 
аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі 
болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің 
қатарына 
жатпайтын 
кооператор-қызметкерлердің 
еңбек 
қатынастарын реттейді. 
Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының 
қатарынан əкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық 
топтың еңбегін ұйымдастыру, кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер 
басшылығының 
жəне 
мемлекеттік 
қызметшілердің 
құқық 
субъектілігі мəселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ 
жері көп. Кəсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек жəне 
əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл 
қатынастар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңымен де, ҚР «Мемлекеттік 
қызмет туралы» заңымен де реттеледі. 
Соған қарамастан, еңбек жəне əкімшілік құқықтарының 
өздеріне тəн айырмашылықтары да бар. Олар реттеу пəні мен 
əдістеріне қатысты. Егер еңбек құқығы қызметкер мен жұмыс 
берушінің еңбек үрдісіндегі қатынастарын реттесе, əкімшілік 
құқық тиісті лауазымды тұлғалардың құзыретіне қатысты
қызметке алу мен босатумен, тəртіптік жазалар тағайындаумен 
жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді. 
Енді еңбек құқығының əлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен 
арақатынасын қарастырып өтелік. Əлеуметтік қамтамасыз ету 
құқығы дербес құрылым ретінде, құқық саласы ретінде 
салыстырмалы түрде жақында, өткен ғасырдың 60-70 жылдары 


қалыптасты. Бұған дейін əлеуметтік қорғау нормаларының басым 
көпшілігі еңбек құқығы саласына кіретін. Осылай, бұл екі құқық 
саласын тарихи түп-тамыр байланыстырады. Сонымен қатар, 
оларды құқықтық реттеудің пəні мен əдістерінің ортақ сипаттары 
да байланыстырады. 
Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен жұмыс 
берушінің арасындағы еңбек қатынастары табылса, əлеуметтік 
қамтамасыз ету құқығы азаматта қандай да бір себептермен 
жұмысқа қабілеттігін уақытша не тұрақты жоғалтқан немесе 
зейнеткерлік жасына жеткен жағдайда, оларды материалдық 
қамтамасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды 
реттейді. Əдетте бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз 
байланыста болады. Мұндай жағдайда азаматтарды материалдық 
қамтамасыз етудің мөлшері олардың еңбек қатынастары үрдісінде 
алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес есептеледі. 
Сонымен қатар бірқатар айырмашылықтар да бар. Оларды 
мынадан байқауға болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек
құқығын жүзеге асырады, ал əлеуметтік қорғау құқығының реттеу 
пəні болып материалдық қамтамасыз етуге қатысты құқықты 
жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары үрдісінде 
жалақы төлеу қызметкер жұмыс істейтін кəсіпорынның, ұйымның 
немесе мекеменің қорынан жүзеге асырылады. Ал əлеуметтік 
қамтамасыз ету құқығы жəрдемақылар мен зейнетақыларды 
орталықтандырылған қорлардан төлеуді көздейді. Сонымен 
қатар, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығына еңбек құқығындағы 
материалдық төлемдердің шарттық əдісі тəн емес. Құзыретті органдар 
қабылдаған құқық нормаларының негізінде азаматтар материалдық 
қамсыздандырылады, сондықтан мұндай шараларды өзгертуге жəне 
тараптардың келісімімен нақтылауға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет