Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні



Pdf көрінісі
бет13/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада: 
1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының 
басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының 
мəнін жəне оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен 
байланысын түсінуге көмек береді; 
2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт 
береді; 


3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді, 
себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы 
басшылыққа алуға болады; 
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне 
біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары 
бойынша топтастыруға мүмкіндік береді; 
5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін 
анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен 
міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетеді. 
Əрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш 
түрге бөлуге болады: 
· барлық құқық салаларына, соның ішінде, еңбек құқығына да 
тəн жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм 
қағидалары жəне т.б.); 
· құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың 
бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар; 
· тек белгілі бір құқық саласына тəн сала ішіндегі қағидалар 
(мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру 
қағидалары жəне т.б.). 
Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық 
та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тəн қағида 
болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз 
жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана 
емес, сонымен қатар, жер, азаматтық, қылмыстық атқару 
құқықтарына да тəн, себебі, аталған құқық салалары да еңбекті 
қолдануды (фермерлік қызмет, мердігерлік шарттары бойынша 
жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс жəне т.б.) 
реттейді. 
Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде 
басты 
рөлге 
ие. 
Олар 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясында бекітілген жəне бұл жайт олардың жалпылық 
сипатын дəлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан мыналарды 
атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, 
бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен 
үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық
қоғамдық көзқарасты ескеру жəне жариялық; ұлтаралық 
одақтастық қағидасы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет