міндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде жалақыны төлеп
отыруға жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады:
жалпы
жəне ерекше бөлімдер.
Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне
жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық
жəне салалық тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің)
еңбегін пайдалану жəне ұйымдастырудың жалпы мəселелерін
реттейтін нормалар жатады.
Еңбек құқығы саласының
ерекше бөлімі институттарға, яғни,
еңбек құқығы қатынастарының туындау жəне жүзеге
асырылу
деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың
топтарына сəйкес құрылады. Ерекше бөлім халықты жұмыспен
қамтумен жəне жұмысқа орналастырумен басталады, одан кейін
орталық институт – жеке
еңбек шарты, оның туындауы, өзгеруі
жəне тоқтатылуы, содан соң – жұмыс уақыты жəне
демалыс
уақыты институты, жалақы институты, кепілдік жəне өтемақылық
төлемдер институты, еңбек тəртібі институты жəне еңбекті қорғау
институты орналасқан. Ал бұлардан
кейін еңбек қатынастары
тараптарының
келтірген
зияндары
үшін
материалдық
жауапкершілік институты, еңбек даулары институты, еңбектегі
қадағалау жəне т.б. институттары орын алған.
Сала ретіндегі еңбек құқығының жүйесінен
еңбек заңдарының
жүйесін ажырата білген жөн. Олар мазмұн жəне нысан ретінде
өзара байланыста болады. Еңбек заңдарының жүйесі нормативтік
құқықтық актілерден,
олардың преамбулаларынан, баптарынан,
қорытынды ережелерінен жəне т.б. тұрады. Сол себепті, еңбек
құқығының жүйесі
еңбек заңдарынан көрініс табады, ал еңбек
заңдары еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады деген
тұжырымға келуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: