Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет102/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

демалыстары да көзделген. Еңбек демалысының бұл түрі зиянды 
жəне қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыста жəне ауыр дене 
жұмыстарында 
жұмыс 
істейтін 
қызметкерлерге 
уəкілетті 
мемлекеттік орган анықтайтын өндірістер, жұмыстар, кəсіптер 
жəне лауазымдар тізіміне сəйкес беріледі. Қосымша еңбек 
демалысы – бұл негізгі еңбек демалысының құрамына енбейтін 
бірнеше жұмыс күні барысындағы үздіксіз демалыс. 
Сонымен қатар, ақы төленетін қосымша еңбек демалысына 
шығу құқығын уəкілетті мемлекеттік орган анықтайтын тізімнің 
тиісті бөлімдерінде өндірістер жəне цехтар бойынша көзделген 
кəсіптер жəне лауазымдар иелері болып табылатын қызметкерлер 
де пайдаланды. Бұл ретте осы өндірістер мен цехтардың қайда 


жəне қандай жұмыс берушіге тиесілі екеніне қарамастан, қосымша 
еңбек демалыстары тиісті қызметкерлерге берілуі тиіс. Ескеріп 
өтетін бір жайт, қосымша еңбек демалысы қатаң түрде тізімге 
сəйкес тиісті өндірістер мен цехтарда тікелей жұмыс істейтін 
қызметкерлерге беріледі. Қосымша еңбек демалысының ұзақтығы 
тізімде анықталады. 
 
«ҚР еңбек туралы» заңының 65-бабы 
 
Жалақысы сақталмайтын демалыстар 
 
Тараптардың келісімі бойынша қызметкерге оның өтініші 
негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 
 
Жалақы сақталмайтын еңбек демалыстары əр түрлі негіздер 
бойынша, (алайда, жұмыс үшін емес) берілуі мүмкін. Бұлардың 
кейбірі – демалу үшін (жеңілдіктік), кейбірі белгілі бір жағдайлар 
бойынша (мысалы, науқастанған отбасы мүшесін қарау жəне т.б.) 
беріледі. Мұндай еңбек демалыстарына ақы төленетін жыл 
сайынғы еңбек демалыстары туралы ережелер таралмайды. Олар
өзге еңбек демалыстарына қарамастан беріледі. Көп жағдайда 
жалақы сақталмайтын еңбек демалыстары қызметкердің өтініші 
бойынша беріледі. Мұндай демалысты беру жұмыс берушінің 
актісімен ресімделеді. Актіде демалыстың мерзімі мен себептері 
көрсетілуі тиіс. Мұндай демалыстарды беру жұмыс берушінің 
міндетіне жатпайды, яғни, жұмыс беруші қызметкерге жалақы 
сақталмайтын еңбек демалысын беруді өзі дербес шешеді. Алайда, 
қызметкердің келісімінсіз де жұмыс беруші оны мұндай еңбек 
демалысына жібере алмайды. 
Егер ұжымдық шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс беруші 
жұмыстың уақытша тоқтатылуына немесе жұмыс көлемінің 
азаюына байланысты штаттың қысқартылуына сəйкес қажет болған 
жағдайда қызметкерлерді жұмыстан босатуды болдырмау 
мақсатында қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын немесе 
жалақысы жартылай сақталатын еңбек демалысына шығуды ұсына 
алады. 
Алайда, 
жоғарыда 
атап 
өткеніміздей, 
бұл 
тек 
қызметкерлердің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезінде қызметкердің 
жұмыс орны немесе лауазымы сақталады. 


Мұндай еңбек демалысының мерзімі заңдарда көзделмеген, 
яғни, тараптар бұл мəселені өз еркімен шеше алады. Бірақ, көп 
жағдайда жалақысы сақталмайтын еңбек демалыстары қысқа 
мерзімді болып табылады, əдетте олардың ұзақтығы екі аптадан 
аспайды. 
Тараптардың 
келісімі 
бойынша 
мұндай 
еңбек 
демалыстарының орнына жұмыстар өндірістің жағдайы мен 
мүмкіндіктеріне қарай келесі кезеңде орындалуы мүмкін. Мұндай 
келісімге аталған еңбек демалысын ресімдеу кезінде де, одан соң да 
келуге болады. Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысының 
уақытын еңбекпен өтеу демалыстың əрбір күні үшін тиісті 
ұзақтықтағы жұмыс күні есебінен жүзеге асырылады. Бұл 
жұмыстың ақысы нақты істелген жұмыс үшін теңдей мөлшерде 
төленеді. 
Заңдарда қызметкерлердің өтініші бойынша оларды жалақысы 
сақталмайтын қосымша демалысқа жіберудегі басшылықтың 
міндеті 
көзделмеген. 
Тəжірибеде 
жалақы 
сақталмайтын 
демалыстарға 
шығудың 
артықшылық 
құқығына 
келесі 
қызметкерлер ие: 
· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері жəне оларға 
теңестірілген өзге де тұлғалар; 
· жасы он төртке дейінгі екі немесе одан да көп балалары бар не 
жасы он сегізге дейінгі мүгедек баласы бар əйелдер; 
· медициналық қорытындыға сəйкес отбасының науқас мүшесін 
күтуші тұлға; 
· зейнет жасына жеткен зейнеткерлер жəне мүгедектер; 
· сауықтыру-емдеу мекемелеріне жолдама алған тұлғалар; 
· ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет