Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Əлеуметтік мақсаттағы еңбек демалыстары



Pdf көрінісі
бет103/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Əлеуметтік мақсаттағы еңбек демалыстары заңдарда 
жекелеген қызметкерлер санаттары үшін көзделген. 
 

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 66-бабы


 
Əйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін 
ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу 
алты (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған 
жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі.
Есептеу жиынтықтап жүргізіледі жəне демалыс əйелдің 
ұйымда жұмыста істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс 


берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне жəне босануы 
бойынша осы кезеңге төленген жəрдемақыны босанғанға 
дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан 
оған толық беріледі. 
Жаңа туған нəрестелерді тікелей перзентханадан асырап 
алған əйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, 
сəбидің дүниеге келген күнінен елу алты күнге толғанға дейін 
кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда 
жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің 
қаражаты есебінен оған осы кезеңге жəрдемақы төленеді. 
Мұндай еңбек демалыстары əйел, отбасы жəне бала 
мəселесімен тығыз байланысты. Əлеуметтік мақсаттағы еңбек 
демалыстары тиісті медициналық мекеме берген емделу парағының 
негізінде беріледі. Мысалы, əйелдерге жүктілігі мен босануы 
бойынша босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, 
босанғаннан кейін елу алты (ауыр босанған немесе екі не одан да 
көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс 
беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі жəне демалыс əйелдің 
ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің 
қаражаты есебінен жүктілігіне жəне босануы бойынша осы кезеңге 
төленген жəрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған 
күндердің санына қарамастан оған толық беріледі. 
Еңбек заңдары бұл демалыстың ұзақтығын күнтізбелік 
күндермен санайтындықтан, бұл еңбек демалысының құрамына тек 
жұмыс күндері ғана емес, демалыс, мереке күндері де енеді. 
Жаңа туған нəрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған 
əйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сəбидің 
дүниеге келген күніне елу алты күнге толғанға дейінгі кезеңге (ата-
анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс 
істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен оған осы кезеңге жəрдемақы төленеді. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 67-бабы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет