демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның
жұмыс орны (қызметі) сақталады.
Жаңа туған нəрестелерді тікелей перзентханадан асырап
алған əйелдердің (еркектердің) өтініші бойынша сəби бір
жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасау үшін жалақысы
сақталмайтын қосымша демалыс беріліп, осы кезеңде оның
жұмыс орны (қызметі) сақталады.
Бұл демалыстың сəби бір жарым жасқа толғанға дейін кез
келген уақытта толық немесе бөліп пайдаланылуы мүмкін.
Байқап отырғанымыздай, еңбек заңдарында бір жасқа дейінгі
балалар бар əйелдер жəне балаларды асырап алған əйелдер
(еркектер) үшін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру
көзделген. Бұл демалыстың сəби бір
жарым жасқа толғанға дейін
кез келген уақытта толық немесе бөліп пайдаланылуы мүмкін. Осы
еңбек демалысының тоқтатылу күні болып сəбидің бір
жарым жасқа толған күні саналады.
Қосымша еңбек демалысы кезінде жұмыс орны (лауазымы)
сақталады. Қызметкер еңбек демалысының мерзімі аяқталмастан
жұмысқа шығуға құқылы.
Қызметкер мен жұмыс берушінің
өзара келісімі болған
жағдайда, сəби бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге
байланысты жалақы сақталмайтын қосымша еңбек демалысын
толығымен немесе жартылай сəбидің əкесі, атасы,
апасы немесе
оны іс жүзінде күтуші өзге де туыстары пайдалана алады.
Дəл осындай жеңілдік жаңа туған сəбилерді тікелей
перзентханадан асырап алған əйелдерге (еркектерге)
қатысты да
белгіленген.
Жасы бір жарым жасқа дейінгі балалары бар əйелдердің жалақы
сақталмайтын қосымша еңбек демалысы жұмыстың жалпы
стажына, сонымен қатар
мамандығы бойынша стажға да
есептеледі. Алайда, бұл демалыстың уақыты жыл сайын ақы
төленетін еңбек демалысына
шығуға құқық беретін жұмыс
стажына саналмайды.
«ҚР еңбек туралы» заңының 69-бабы
Достарыңызбен бөлісу: