Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет105/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
Оқу демалысы 
 


Білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар 
тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау жəне қорғау, 
бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін 
немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. 
 
Оқу демалыстары еңбек демалысының дербес тəуелсіз түрі 
болып табылады. Олар қызметкерге осы кəсіпорындағы 
(мекемедегі, 
ұйымдағы) 
үздіксіз 
жұмысының 
ұзақтығына 
қарамастан беріледі. Оқумен байланысты қосымша еңбек 
демалыстары қатаң мақсатқа ие. Олар оқу орындары көрсеткен 
мерзімдерде беріледі жəне пайдаланылады. «ҚР еңбек туралы» 
заңына (69-бабы) сəйкес, білім беру ұйымдарында оқитын 
қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) 
дайындау жəне қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру 
кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс 
берілуі мүмкін. 
Оқу демалысын беру жағдайлары жеке еңбек, ұжымдық 
шарттрада белгіленеді. 
Алайда, атап өтетін бір жайт, егер жеке еңбек немесе ұжымдық 
шарттарда бұл жөнінде көзделмесе, жұмыс беруші оқу демалысын 
беруге міндетті емес. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1. Жұмыс уақытының түсінігі. 
2. Жұмыс уақытының түрлері. 
3. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. 
4. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы. 
5. Толық емес жұмыс уақыты. 
6. Толық емес жұмыс уақыты үшін ақы қалай төленеді? 
7. Мерзімнен тыс жұмыстар дегеніміз не жəне олар үшін 
жалақы қалай төленеді? 
8. Мерзімнен тыс жұмыстарға қандай жағдайларда жол беріледі 
жəне олардың тəртібі. 
9. Демалыс уақытының түсінігі жəне түрлері. 
10. Демалуға жəне тамақтануға арналған үзіліс. 
11. Қандай жағдайларда арнаулы үзілістер беріледі? 
12. Апта сайынғы демалыс күндері дегеніміз не жəне олардың 
ұзақтығы қандай? 


13. Демалыс күндері қалай беріледі? 
14. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары жəне 
олардың ұзақтығы туралы айтыңыз. 
15. 
Əлеуметтік 
мақсаттағы 
еңбек 
демалыстарының 
ерекшеліктері қандай? 
16. Оқу демалысы қандай жағдайларда жəне қандай мерзімге 
беріледі? 


11 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет