Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер



Pdf көрінісі
бет115/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

2. Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 81-бабы 
Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс 
берушінің есебінен осындай тексеруден өтуге міндетті 
қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы 


сақталады. Еңбектің қауіпсіздік жағдайын жəне кəсіптік 
аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс 
беруші қызметкерлерге қатысты алдын-ала (жұмысқа кіру 
кезіндегі) 
жəне 
мерзімді 
медициналық 
тексерулер 
ұйымдастыруы қажет.
Міндетті мерзімді медициналық тексеруді келесі санаттағы 
қызметкерлер өтуі тиіс:
· ауыр дене жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда 
жұмыс істейтін тұлғалар; 
· кəмелетке толмаған қызметкерлер; 
· тамақ өнеркəсібі ұйымдарындағы қызметкерлер; 
· қоғамдық тамақатану жəне сауда саласындағы қызметкерлер; 
· 
емдеу-сауықтыру 
жəне 
бала-бақша 
мекемелеріндегі 
қызметкерлер; 
· білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер; 
· көлік жəне т.б. ұйымдарындағы қызметкерлер. 
Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде осындай 
тексеруден өтуге міндетті қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен 
орташа жалақысы сақталады. 
3. Біліктілігін аттыруға жəне қайта даярлауға жіберілетін 
қызметкерлерге арналған кепілдіктер 
 
«ҚР еңбек туралы» заңының 82-бабы 
Жұмыс беруші қызметкерді өндірістен қол үзіп, біліктілігін 
арттыруға жəне қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс 
орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады. 
Бұл жағдайда біліктілікті көтеру ретінде екінші мамандыққа 
үйренуді, кəсіби дайындықтан өтуді жəне т.б. білдіреді. Бұл 
жағдайда қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа 
жалақысы сақталады. 
Сонымен қатар, өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға 
жіберілген қызметкердің жұмыс орнының (қызметінің) сақталуы 
мынаны білдіреді: егер қызметкердің біліктілігін көтеруі аяқталған 
соң жұмыс беруші оған бұрынғы жұмыс орнын қамтамасыз ете 
алмаса, онда өзара келісімнің негізінде мамандығы немесе 
біліктілігі қызметкер біліктілігін көтергенге дейін істеген 
жұмысының мамандығынан немесе біліктілігінен төмен емес басқа 
жұмыс (лауазым) берілуі тиіс. 


Қызметкерлерді басқа жерге оқуға жіберген жағдайда оқу 
орнына баратын жəне қайтатын жол шығыны жəне жолда болған 
уақыттағы жəне оқу кезіндегі тəулікақылар (егер тамақтану тегін 
болмаса) төленеді. 
Сонымен қатар, жұмыс берушінің мүдделерін көздеп кадрлар 
дайындау үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен 
қызметкерді оқытуға немесе оқуға жіберуге құқығы бар. Бұл 
жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін 
арттырған немесе қайта даярлаудан өткен қызметкер сол жұмыс 
берушіде тараптардың жеке еңбек шартында келіскен мерзімінде 
жұмыс істеуге міндетті. Қызметкердің бастамасы бойынша немесе 
қызметкердің кінəсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы 
бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушіге 
қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеу 
мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне бара-бар етіп
толығымен төлейді (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 88-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет