ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 86-бабы
Жүктілік жəне босану бойынша əлеуметтік жəрдемақылар
мен бала асырап алған əйелдерге (еркектерге) əлеуметтік
жəрдемақылар тағайындау
Жүктілік жəне босану бойынша əлеуметтік жəрдемақылар,
сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алған əйелдерге
(еркектерге) əлеуметтік жəрдемақылар жүктілік пен босану
бойынша бүкіл демалысқа немесе бала асырап алған күннен
бастап, сəбидің туған күнінен елу алты күн өткенге дейінгі
кезең үшін демалысқа тағайындалады.
Мұндай əлеуметтік жəрдемақыны алу құқығына босанған жəне
балаларды тікелей перзентханадан асырап алған тұлғалар иеленеді.
Бұл жəрдемақы жүктілік жəне босану бойынша бүкіл демалысқа
немесе бала асырап алған күннен бастап, сəбидің туған күнінен 56
күн өткенге дейінгі кезең үшін демалысқа тағайындалады. Бұл
жағдайда əлеуметтік жəрдемақыларды төлеу жұмыс берушінің қаражаты
есебінен жүргізіледі.
Мұндай жəрдемақыны алу құқығы қызметкерге еңбек стажына
қарамастан тиесілі болады.
Жұмыс беруші əлеуметтік жəрдемақыларды төлеуге қатысты
өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны
үшін заңдарда белгіленген тəртіпте жауапкершілікке тартылады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Кепілдік өтемақылар дегеніміз не?
2. Кепілдік өтемақылдардың негізгі түрлерін атаңыз жəне оларға
сипаттама беріңіз.
3. Кепілдік өтемақылардың жалақыдан, кепілдік қосымша
ақылардан айырмашылығы қандай?
4. Өтемақылық төлемдердің түрлерін атаңыз.
5. Қызметтік іссапарлар қалай төленеді?
6. Əлеуметтік жəрдемақылардың негізгі түрлерін
атаңыз жəне оларға сипаттама беріңіз.
13 ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |