3) кəсіпорынның кінəсі.
Бұл жағдайда құқыққа қайшылық қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз етпеуді білдіреді. Құқыққа қайшы болып нəтижесінде
денсаулықтың денсаулығына зақым əкелген əрекет те, əрекетсіздік
те танылуы мүмкін.
Себепті байланыс қызметкерге келтірілген зиянның жұмыс
берушінің құқыққа қайшы əрекетінің (əрекетсіздігінің) нəтижесінде
туындауын білдіреді.
Кəсіпорынның кінəсі жəбірленген
тұлғаға қауіпсіз еңбек
жағдайларын қамтамасыз етпеген оның қызметкерлерінің кінəсін
білдіреді.
Зиянды өтеу туралы өтініші еңбек жарақытымен келтірілген
зиян үшін жауапкершілікте болатын жұмыс берушіге беріледі. Егер
жəбірленуші жұмысты қоса атқарған ұйымда оның денсаулығына
зиян келтірілсе, онда өтініші осы ұйымның басшылығына беріледі.
Ұйым қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріккен,
бөлінген,
бөлініп шыққан, қайта құрылған) жағдайда өтініш оның құқық
мирасқорына беріледі.
Жұмыс беруші бұл өтінішті қарауға жəне оны барлық қажетті
құжаттарымен қабылдаған немесе қосымша құжаттар түскен
күннен бастап 10 күннен кешіктірмей
оған қатысты шешім
қабылдауы тиіс. Зиянды өтеу туралы шешім жұмыс берушінің
бұйрығымен ресімделеді. Бұйрық негізделген болуы тиіс,
мұнда
зиянның кімге өтелетіні, зиянның отбасының əрбір мүшесіне
шаққандағы мөлшері жəне оны төлеу мерзімдері көрсетіледі.
Жұмыс берушінің зиянды өтеу туралы бұйрығының көшірмесі
немесе негізделген жазбаша бас тарту мүдделі азаматтарға барлық
қажетті құжаттарымен өтініш берілген күннен бастап он күн ішінде
ұсынылады. Өтінішті қарауды
немесе бұйрықтың көшірмесін
белгіленген мерзімде беруді кешіктіру зиянды өтеуден бас тарту
ретінде қарастырылады.
Жұмыс берушінің шешімімен келіспеген жағдайда жəбірленген
қызметкер немесе өзге де мүдделі тұлға бұл шешімді сот тəртібімен
шағымдау құқығына ие. Жəбірленген тұлғаның зиянды өтеуге
қатысты шағымдану құқығы ескіру мерзімімен шектелмеген.
Алайда, жəбірленген тұлға еңбекке
қабілетінен айырылғаннан
кейін үш жыл өткен соң зиянды өтеуге қатысты шағымданса,
зиянды өтеу шағымданған күннен бастап жүзеге асырылады.
Зиянды өтеуге қатысты төлемдерді жұмыс беруші, оның
құқықмирасқоры, ал олар болмаған жағдайда – төленуге тиіс
соманы капиталдандыруға тиіс орган жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: