Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет120/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ 
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
 
 
Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек 
шартының тараптары – қызметкер мен жұмыс берушінің 
материалдық жауапкершілігін көздейді. 
Жауапкершіліктің түсінігі. Жеке еңбек шарты тараптарының 
материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген 
зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек 
шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген 
тəртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек 
(қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің 
кінəсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, 
соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара 
жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі 
төленбейтін 
кезде 
оған 
келтірілген 
зиянды 
Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген 
тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті («ҚР еңбек туралы» заңның 
90-бабы). 
Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлер кəсіпорынның 
(мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға жəне 
зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Өз 
кезегінде, жұмыс беруші қыззметкерлерге қалыпты жұмыс жəне өзі 
сеніп тапсырған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін 
қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Сонымен, материалдық 
жауапкершілік туралы заңдар бір жағынан, жұмыс берушінің 
меншігін жан-жақты қорғауға, екінші жағынан, қызметкерлердің 
жалақысын негізсіз ұстап қалудан қорғауға бағытталған. 
Басқаша айтар болсақ, зиянды өтеу – еңбек шартының бір 
тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті. Шарттың 
өзінде мұндай жауапкершілік тікелей көзделмейді, алайда, ол осы 
шарт тараптарының еңбек саласындағы өзінің міндеттерін тиісті 
дəрежеде орындамауының салдары болып табылады. 
Осы айтқандарды қорытындылайтын болсақ, еңбек шарты 
тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың 
екінші тарапқа келтірген материалдық зиянды заңға сəйкес өтеу 
міндетінен тұрады. 


Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, еңбек шартының тарабын 
материалдық жауапкершілікке тартудың негізі болып осы шарттың 
екінші тарабына құқыққа қайшы жəне кінəлі зиян келтіру 
табылады. Зиян келтірген тұлғаның кінəсі болмаған жағдайда да 
шығынды өтеу міндеті заңдарда көзделуі мүмкін. 
Құқыққа сəйкес əрекеттермен келтірілген шығын тек заңдарда 
көзделген жағдайларда ғана өтеледі. 
Егер қажетті қорғаныс шегінен асып кетпесе, бұл кезде 
келтірілген зиян өтелуге жатпайды. 
Егер бұл қауіпті осы жағдайда басқа құралдармен тойтару 
мүмкін болмаса, аса қажеттілік жағдайында, яғни зиян 
келтірушінің өзіне немесе өзге тұлғаларға төнген қауіпті жою үшін 
келтірілген зиянды осы үшін кінəлі тұлғалар өтеуі тиіс. 
Сот мұндай зиянның келтірілу жағдайларын ескере отырып, 
шығынды өтеу міндетін зиянды келтірген тұлға кімнің мүддесі 
үшін əрекет етсе, сол үшінші тұлғаға жүктеуі мүмкін немесе 
үшінші тұлғаны да, зиянды келтірген тұлға да зиянды өтеуден 
толығымен немесе ішінара босатуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет