болып табылмайды. Мұндай қызметкерлердің жалақысына
жолдағы шығындар үшін өтемақылар алдын-ала енгізіледі.
Қызметтік іссапардың бүкіл уақытында қызметкерлердің жұмыс
орны (лауазымы) жəне орташа жалақысы сақталады. Сонымен
қатар, оларға мыналар төленеді:
1) іссапарда болған уақыт үшін тəулікақылар;
2) тағайындалған жерге
барып-қайту жолы бойынша
шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары.
Тəулікақылар демалыс жəне мереке күндерін, кеткен жəне
келген күнді қосқанда, қызметтік іссапардың əрбір күні үшін
төленеді. Егер қызметкер бір күн ішінде өзінің тұрғылықты жеріне
қайтып келу мүмкіндігіне ие болса, онда қызметтік іссапар үшін
тəулікақылар төленбейді.
Қызметтік іссапар орнында болған
уақыт қызметтік іссапар
куəлігіндегі қызметтік іссапар орнына кеткен жəне қызметтік
іссапар
орнынан
шыққаны
жөніндегі
жазбалар
арқылы
анықталады. Егер қызметкер əр түрлі елді мекендерге қызметтік
іссапаға жіберілсе, онда елді мекенге келген жəне одан кеткен күні
туралы жазба əрбір елді мекенде жазылады жəне кəсіпорынның
мөрімен куəландырылады.
Қызметтік іссапарға кететін
кезде қызметкерге жолға, тұрғын
үйді жалдауға кететін шығындардың жəне тəулікақылардың
мөлшеріндегі сомадағы ақшалай аванс беріледі. Қызметкер
қызметтік іссапардан оралғаннан кейін үш күн
ішінде жұмсалған
сомалар туралы аванстық есеп
беруі тиіс, бұған қызметтік
іссапарлық куəлік, тұрғын үйді жалдағаны жəне
жол шығындары
туралы құжаттар тіркеледі.
ҚР « ҚР еңбек туралы» заңының 84-бабы
Достарыңызбен бөлісу: