Кепілді төлемдерден қосымша ақыларды ажырата білген
жөн. Бұл жердегі айырмашылық мынада: егер төлемдер қызметтен
себепті жағдайлар бойынша босану кезі үшін көзделсе, кепілді
қосымша ақылар жалақыны негізсіз азайтудың алдын алу
мақсаттарында белгіленеді.
Кепілді қосымша ақылардың кейбір түрлерін қарастырып
өтелік.
1. 18 жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың
қысқартылған ұзақтығы кезінде төленетін қосымша ақылар. 18
жасқа
толмаған
қызметкерлерге
күнделікті
жұмыстың
қысқартылған ұзақтығы кезінде төленетін жалақы күнделікті
жұмыстың толық ұзақтығы кезінде тиісті санат қызметкерлерінің
жалақысындай мөлшерде төленеді. Кесімді жұмыстарға жіберілген
аталған тұлғалардың еңбегі ересек адамдар үшін белгіленген
кесімді баға бойынша жəне күнделікті жұмыстың қысқартлыған
ұзақтығы уақыты үшін тарифтік ставкалармен белгіленген
қосымша ақымен қоса төленеді.
2. Жұмыспен байланысты зақыммен немесе денсаулыққа
келтірілген өзге де жарақатқа сəйкес жалақысы төмен жұмысқа
уақытша ауысқан кездегі қосымша ақылар. Жұмыспен
байланысты жарақатпен немесе денсаулыққа келтірілген өзге де
зақымға сəйкес жалақысы төмен жұмысқа уақытша ауысқан қызметкерлерге
бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақы арасындағы
айырмашылық төленеді. Мұндай айырмашылық қызметкердің
еңбекке қабілеттігі қалпына келгенге дейін немесе еңбекке
қабілеттігінен
толығымен
айырылып,
мүгедектік
тобы
тағайындалғанға дейін төленеді.
3. Заңдарда қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша жеңіл
жалақысы төмен жұмысқа ауысуы
кезінде бұрынғы орташа
жалақысының сақталуының немесе мемлекеттік əлеуметтік
сақтндыру бойынша жəрдемақылар төлеудің өзге де жағдайлары
көзделген. Бұл ретте кепілді қосымша ақы бұрынғы жалақы мен
жаңа жұмыстағы жалақының арасындағы айырмашылықты
құрайды.
4. Өндірістік қажеттілік немесе іркіліс жағдайларында басқа
жұмысқа уақытша ауысу кезіндегі қосымша ақылар. Өндірістік
қажеттілік болған жағдайда жұмыс берушінің қызметкерді оның
келісімінсіз бір айға дейінгі мерзімге еңбегіне атқаратын жұмысы
бойынша,
бірақ
бұрынғы
жұмысындағы
орташа
айлық
жалақысынан
кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек шартында
келісілмеген жəне оның денсаулық жағдайына зақым келтірмейтін
сол жердегі, сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
Бұл ретте кепілді қосымша ақыны бұрынғы жұмысындағы орташа
айлық жалақы мен жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы
айырмашылық құрайды.
Іркіліс жағдайында жалақысы төмен жұмысқа ауысқан кезде
еңбек нормаларын орындайтын қызметкерлердің бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақталады, ал еңбек
нормаларын орындамайтын немесе ақысы мерзімді төленетін
жұмысқа ауысқан қызметкерлер үшін тарифтік ставка (лауазымдық
жалақы) сақталады. Бұл жерде де кепілді қосымша ақыны бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақы (немесе тарифтік ставка) мен
жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы айырмашылық
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: