Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет121/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жауапкершіліктің 
түрлері. 
Заңдар 
материалдық 
жауапкершіліктің екі түрін көздейді: 
1) қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық 
жауапкершілігі; 
2) жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық 
жауапкершілігі. 
Материалдық жауапкершіліктің бұл екі түрі бір-бірінен біршама 
ерекшеленеді. 
Заңдар еңбек шарты тараптарының заңды теңдігін тани отырып, 
жұмыс берушінің мына ерекшеліктерін ескереді: 
1) 
жұмыс 
беруші 
қызметкерге 
қарағанда 
əрқашанда 
экономикалық тұрғыдан күштірек; 
2) жұмыс беруші еңбек үрдісін ұйымдастырады жəне осыған 
байланысты туындауы мүмкін қолайсыз салдарға қатысты 
жауапкершілікте болады; 
3) ол мүліктің меншік иесі ретінде оны ұстау ауыртпалығына 
жəне кездейсоқ бүліну немесе жойылу тəуекеліне ие болады. 
Заңдар адамның басты құндылығы ретінде оның еңбекке 
қатысты дене жəне ақыл-ой қабілетін таниды, бұларды адам əр 
түрлі заңды нысандарда, бірақ, ең алдымен еңбек шартын жасасу 
жолымен жүзеге асыра алатынын ескереді. Осы аталған жайт 


материалдық жауапкершіліктің екі түрінің айырмашылықтарын 
анықтайды. 
Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық 
жауапкершілігі 
оның 
қызметкерге 
мына 
жағдайлардың 
нəтижесінде келтірген зиянды өтеу міндетін білдіреді: 
1) заңды негізсіз немесе белгіленген тəртіпті бұза отырып 
қызметтен босатса; 
2) басқа жұмысқа заңсыз ауыстырса; 
3) еңбек кітапшасында жұмыстан босатудың дұрыс емес немесе 
қолданыстағы заңдарға сəйкес емес себебін көрсетсе жəне бұл 
себеп қызметкердің жаңа жұмысқа тұруына кедергі келтірсе;
4) жұмыстан босату кезінде еңбек кітапшасын беруді 
кешіктірсе; 
5) соттың қызметтен заңсыз босатылған немесе басқа жұмысқа 
заңсыз ауыстырылған қызметкерді қызметке қайта қабылдау 
туралы шешімін уақтылы орындамаса; 
6) жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартса немесе еңбек 
шартын уақтылы жасаспаса; 
7) қызметкердің денсаулығына зиян келтірсе. 
Соңғы жағдай ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 17 наурыздағы № 201 
қаулысымен жəне «ҚР еңбек туралы» заңның 90-бабымен 
реттеледі. Аталған мəселені тереңірек қарастырып өтелік. 
Барлық қызметкерлер өздерінің жұмыс берушімен арасындағы 
еңбек байланысының сипатына (тұрақты, уақытша, маусымдық 
жəне т.б.) еңбек стажына жəне т.б. қарамастан өздерінің еңбек 
міндеттерін орындауымен байланысты жəне ұйымның аумағында 
не оның аумағынан тыс жерде орын алған жарақатпен немесе 
денсаулыққа келтірілген зақымның нəтижесінде туындаған зиянды 
өтету құқығына ие. 
Жарақат механикалық, электрлік жəне т.б. зақымның 
нəтижесінде туындауы мүмкін. Денсаулыққа келтірілген өзге де 
зиян ретінде кəсіптік ауру жəне улану танылады. 
Заңдарға сəйкес зиянды өтеу жəбірленген қызметкерге оның 
еңбекке қабілетігінің жоғалуы немесе төмендеуі салдарынан 
айырылған жалақысының, табыстарының (немесе олардың тиісті 
бөлігінің) мөлшеріндегі ақшалай сомаларды, денсаулыққа зақым 
келумен байланысты бір жолғы жəрдемақыны жəне өтемақылық 
шығындарды төлеуден көрініс табады. Жəбірленген тұлға қайтыс 
болған жағдайда қайтыс болған тұлғаның асырауында болған 


немесе ол қайтыс болған күні одан көмек алу құқығына ие болған 
еңбекке қабілетсіз келесі тұлғалар зиянды өтету құқығына ие 
болады: тұлға қайтыс болғаннан кейін туған баласы, сонымен қатар 
жұмыс істемейтін жəне қайтыс болған тұлғаның 8 жасқа толмаған 
балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін күтетін ата-
анасының бірі, зайыбы немесе отбасының өзге де мүшесі. 
Жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зақым келген 
қызметкердің еңбекке қабілеттін жоғалту дəрежесін (% түрінде) 
медициналық-əлеуметтік сараптамалық комиссия белгілейді 
(МƏСК). 
Егер еңбек жарақаты тек жұмыс берушінің кінəсінен ғана емес, 
сонымен қатар қызметкердің өрескел абайсыздығы салдарынан 
болса да, өтелетін зиянның мөлшері қызметкер кінəсінің 
дəрежесіне қарай азаяды. 
Сонымен қатар, жəбірленушіге еңбек жарақатымен байланысты 
орын алған қосымша шығындар да төленеді. Мысалы, егер 
медициналық əлеуметтік комиссия тұлғаны көмек алуға мұқтаж 
деп таныса, кəсіпорын қызметкерге айырылған жалақысын өтеумен 
қатар еңбек жарақатымен байланысты туындаған қосымша 
шығындарды да (қосымша тамақтануға, дəрі-дəрмек алуға, 
медициналық тексеруден өтуге жəне сауығуға, оны күтуге қатысты 
шығындар, соның ішінде, емдеу орнына бару жəне одан қайтуға 
қатысты жол шығындары, қажет болған жағдайларда сол тұлғаны 
апарған тұлғаның шығындары, арнайы көлік құралдарын, 
жанармайды жəне т.б. алуға қатысты өзге де шығындар) өтейді. 
Жəбір шеккен қызметкерге қатысты жұмсалынған қосымша 
шығындар оны кім күткеніне байланыссыз өтелуге жатады.
Зиянды өтеуге қатысты төлемдер: 
- жəбірленген қызметкерлерге – еңбек жарақатының салдарынан 
сол кездегі жалақысынан айырылған күннен бастап; 
- асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге 
құқығы бар тұлғаларға – қайтыс болған күннен бастап төленеді. 
Еңбектегі жарақатына немесе асыраушысының қайтыс болуына 
байланысты бұрынғы жалақысынан айырылғаннан кейін 3 жыл 
өткен соң зиянды өтеу туралы шағым білдірілген кезде зиянды өтеу 
өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. 
Медициналық əлеуметтік сараптамалық комиссия еңбек 
жарақатына қатысты еңбекке қабілеттіктің айырылғанын белгілесе, 
жəбірленген 
қызметкерлерге 
зиянды 
өтеуді 
айырылған 


жалақысының мөлшерінде жүзеге асырады. Асыраушысынан 
айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға 
зиянды өтеу келесідей жүзеге асырылады: 
· кəмелетке толмағандарға – 18 жасқа толғанға дейін (кəсіби-
техникалық, орта арнайы жəне жоғары оқу мекемелерінде 
оқитындар үшін – оқуын аяқтағанға дейін, алайда 23 жасқа 
толғанға дейін ғана); 
· 60 жастан асқан ер адамдар жəне 55 жастан асқан əйелдерге – 
өмір бойы; 
· мүгедектерге – еңбекке жарамсыздығының бүкіл кезеңінде; 
· жұмыс істемейтін не қайтыс болған асыраушысының 
балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін бағатын ата-
анасына, зайыбына немесе отбасының өзге де мүшесіне – балалар 8 
жасқа толғанға дейін. 
Жұмыс 
беруші 
жəбір 
көрген 
қызметкерге 
(немесе 
асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына 
ие тұлғаларға) айырылған жалақысынан, зиянды өтетудің қосымша 
түрлерінен тыс бір жолғы жəрдемақы береді. Бұл жəрдемақының 
мөлшері ұжымдық шартта анықталады, алайда ол мыналардан кем 
болмауы тиіс: 
· қызметкер өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кəсіптік 
аурудың нəтижесінде қайтыс болған жағдайда – оның жылдық 
жалақысынан 10 еседен; 
· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан І 
немесе ІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық 
жалақысынан 5 еседен; 
· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан ІІІ 
топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 2 
еседен; 
· қызметкерге мүгедектік тағайындалмастан еңбекке қабілеттігі 
жоғалды деп танылған кезде – оның жылдық жалақысынан. 
Аталған жəне осыған ұқсас жағдайларда қызметкерге сонымен 
қатар моральдық зиян да өтелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет