Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет125/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

ЕҢБЕК ТƏРТІБІ
 
 
Еңбек тəртібінің түсінігі. Бірлескен қызметпен айналысатын 
кез келген адамдар тобы өз қызметінің жəне жүріс-тұрыстарының 
үйлесуін жəне олардың белгілі бір тəртіпке бағынуын қажет етеді. 
Əрекеттердің, мүдделердің жəне жүріс-тұрыстардың үйлесуі 
адамдардың өндіріс үшін, материалдық жəне рухани игіліктерді 
бөлісу үшін бірігуі кезінде ерекше мəнге ие болады. 
Еңбек қызметінің барысына еңбек қатынастарының екі тарапы 
қатысатыны белгілі, сондықтан да, еңбек қызметіндегі жүріс-тұрыс 
ережелерін екі жақ та орындауы тиіс. 
Сол себепті де, қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі болып 
еңбек тəртібінің талаптарын, яғни, еңбек қызметі барысындағы өзі 
үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орындау табылады. Егер 
нақты атайтын болсақ, қызметкердің міндеттеріне мыналар 
жатады: 
- еңбек функцияларын (яғни, нақты бір мамандық, біліктілік
лауазым бойынша жұмысын) мұқият орындау; 
- ішкі еңбек тəртібіне бағыну; 
- жұмыс берушінің бұйрықтарын (өзі үшін міндетті) орындау; 
Алайда, жұмысшылардың еңбек тəртібін орындауының 
маңызды алғышарты болып еңбек үрдісін ұтымды ұйымдастыру, 
яғни жұмыс беруші қызметкерлердің еңбегін ұтымды жəне дұрыс 
ұйымдастыру қажет. Ол үшін жұмыс беруші: 
- қызметкерге еңбек ақысын төлеу қажет; 
- еңбек туралы заңдарда, ұжымдық шартта жəне тараптардың 
келісімінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет. 
Сондықтан да, еңбек тəртібі дегеніміз – ол екі жақты процесс 
жəне оның жүзеге асырылуы екі тараптың да жүріс-тұрысына 
тікелей тəуелді. Яғни, еңбек тəртібі жұмыс берушінің белгілі бір 
жүріс-тұрыс ережелерін бекіту құқығын ғана емес, сонымен қатар, 
қызметкерге қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету міндетін де 
қамтиды. Осындай жағдайда ғана қызметкерден жақсы нəтиже 
күтуге болады. 
Сонымен, еңбек тəртібі – бұл жұмыс берушінің қызметкерлерге 
өз еңбек функияларын мейлінше тиімді орындауы үшін жағдай 
жасау міндеті, əрі қызметкердің мемлекет актілерінде жəне 


солардың негізінде жұмыс беруші қабылдаған актілерде 
белгіленген еңбек үрдісі барысындағы жүріс-тұрыс ережелерін 
міндетті тəртіпте орындау міндеті. 
Басқаша айтқанда, еңбек тəртібі – бұл жеке еңбек шартының 
тараптарының, яғни, қызметкер мен жұмыс берушінің өзара 
міндеттері жəне осы міндеттерді бұлжытпай орындау. 
Еңбек тəртібі мəселесі ғылымның əр түрлі саласының (мысалы, 
психология, социология, еңбек экономикасы жəне т.б.) өкілдерінің 
де зерртеу пəні ретінде орын алған. 
Еңбек құқығында еңбек тəртібі мəселесі төрт аспектіде 
қарастырылады. 
Бірінші аспект. Еңбек тəртібі еңбек құқығының негізгі 
қағидаларының бірі – еңбек тəртібін орындау міндеті ретінде 
қарастырылады. Жұмыс беруші жəне оның əкімшілігі еңбек 
тəртібін орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Олар өндірістегі 
тəртіптің орындалуының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге міндетті. 
Екінші аспект. Еңбек тəртібі іс жүзіндегі əрекет ретінде 
қарастырылады. Іс жүзіндегі əрекет – бұл кəсіпорындағы, 
мекемедегі, ұйымдағы еңбек қатынастары барысындағы жүріс-
тұрыс ережелерін нақты жəне бұлжытпай орындау. Іс жүзіндегі 
əрекетті еңбек тəртібінің талаптарын сақтау деңгейі ретінде атауға 
болады. 
Егер 
еңбек 
құқығы 
қатынастарының 
барлық 
қатысушылары еңбек тəртібін сақтаса, бұл деңгей жоғары болуы 
мүмкін. Егер еңбек құқығы қатынастарының басым көпшілік 
қатысушылары еңбек тəртібін сақтаса, алайда, жекелеген 
қызметкерлердің 
жүріс-тұрысында 
еңбек 
тəртібінен 
ауытқушылықтар, құқық бұзушылықтар байқалса, бұл деңгей 
орташа болуы мүмкін. Ал егер еңбек тəртібін, ішкі еңбек тəртібінің 
ережелерін жиі жəне жаппай бұзушылықтар орын алса, бұл деңгей 
төмен болуы мүмкін. 
Үшінші аспект. Еңбек тəртібі еңбек құқығының институты 
ретінде, яғни, ішкі еңбек тəртібін, жұмыс берушінің жəне 
қызметкердің, оның əкімшілігінің міндеттерін, жазалау жəне 
көтермелеу шараларын реттейтін нормалар жүйесі ретінде 
қарастырылады. 
Төртінші аспект. Еңбек тəртібі қызметкердің жəне жұмыс 
берушінің ұйымда белгіленген жүріс-тұрыс ережелерінің тəртібі 
ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда еңбек тəртібі адамдар 
арасындағы қоғамдық байланыстың нысаны ретінде көрініс 


табады. Осыған байланысты басшылықтың ерекше функцияларын 
белгілеу жəне басшылыққа бағынған тұлғалардың еңбегін 
қадағалау жəне бақылау қажеттігі туындайды. 
Еңбек 
тəртібі 
технологиялық 
жəне 
өндірістік 
тəртіп 
түсініктерімен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет