1)
Қалыпты жұмыс үшін қажетті ұйымдастырушылық жəне
экономикалық жағдайлар жасау. Қалыпты жұмыс жағдайы ретінде
еңбекті қорғауға қатысты ережелер мен нормалардың талаптарына
сай қауіпсіз жағдайлар жəне
өндірістік жарақаттарға, кəсіптік
ауруға шалдығуға не еңбекқабілеттілігінің төмендеуіне алып келуі
мүмкін зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардан
қызметкердің қорғануын қамтамасыз ететін жағдайлар
түсіндіріледі. Сонымен қатар, қалыпты жұмыс жағдайы
мыналардан көрініс табады: машиналардың, станоктардың жəне
құрылғылардың ақаусыздығы, материалдардың жəне
құралдардың
тиісті сапасы жəне оларды уақтылы ұсынып отыру, электр
энергиясын жəне өзге де қуат көздерімен уақтылы қамтамасыз етіп
отыру, техникалық құжаттармен уақтылы қамтамасыз ету жəне т.б.
Еңбек
тəртібін
қамтамасыз
ету
үшін
экономикалық
жағдайларды жасау жалақыны уақтылы, толығымен жəне əділ
беруден, еңбек тəртібін сақтаған жағдайда қызметкердің қосымша
материалдық сыйақы алуы үшін мүмкіндік жасаудан жəне еңбек
тəртібін жоғары деңгейде сақтағаны үшін арнайы сыйақы беруден
көрініс табады.
Бұл əдістің маңыздылығына дəлел ретінде мына жайтты атап
өтуге болады, 1988 жылы Еңбек туралы заңдар кодексінің 140-
бабының 1-тармағына
маңызды толықтыру енгізілді, оған сəйкес,
қалыпты жоғары өнімдік жұмыс үшін еңбек тəртібі қажетті
ұйымдастырушылық жəне экономикалық жағдайларды жасаумен
қамтамасыз етілуі тиіс болды.
Өкінішке орай, мойындайтын бір жағдай, қазіргі кезде
экономикадағы шиеліністерге байланысты бірқатар өндіріс
орындарында жұмыс үшін қалыпты жағдайлар жасалмаған. Бұл
көп жағдайда материалдардың, энергиялық жабдықтағыштардың
жеткіліксіздігі, ал кей кезде басшылардың немқұрайдылығы немесе
өзге де мүдделері салдарынан орын алып жатады.
Мұндай саясат
өндірістің тоқтауына, ұзақ мерзімді төленбейтін демалыстарға
əкеліп соғады, бұлар, өз кезегінде, еңбек тəрітібінің деңгейінің
төмендеуіне əкеледі. Алайда, соған қарамастан, жұмыстан
айырылу, жұмыссыздық жағдайына ұшырау қаупі қызметкерлердің
өз жұмыс орнын бағалауына жəне еңбек тəртібін
мұқият
орындауына мəжбүр етеді.
2)
Еңбекке қатысты саналы қатынас. Əрине, көптеген
қызметкерлер еңбек тəртібін орындау қажеттігін түсінеді жəне оны
саналы түрде орындайды. Қазіргі кезде кез-келген жұмысқа
тұрарда жеке еңбек шарты бекітіледі, ал еңбек тəртібін сақтау
осындай шарт талаптарының бірі болып табылады. Сонымен қатар,
жоғарыда атап өткеніміздей, жұмыссыздық
жағдайына ұшырау
қаупі қызметкердің өмір сүру көзінен айырылмауға тырысуына,
еңбекке қатысты саналы қатынасқа жəне еңбек тəртібін орындауға
шынайы жағдай жасайды. Сол себепті де, қызметкерлердің басым
көпшілігі жұмыс сапасын жəне өндірістегі тəртіпті жақсартуға
саналы түрде ұмтылады.
3)
Жұмыстағы жетістіктері жəне адал еңбегі үшін
Достарыңызбен бөлісу: