28 бап. Жеке еңбек шартын қызметкердің бастамасы
бойынша бұзудың негіздері
1. Қызметкер жеке еңбек шартын жұмыс берушіге бұл туралы
бір ай бұрын жазбаша түрде ескертіп тоқтатуға құқылы.
2. Тараптардың келісімі бойынша
жеке еңбек шарты ескерту
мерзімі біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
3. Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе едəуір
қиындататын мəн-жайлар (денсаулық жағдайы, зейнеткерлік жас,
басқа жерге көшу, жалақыны мерзімінде төлемеу жəне өзге де жағдайлар)
болған кезде жеке еңбек шартын бұзу
қызметкердің өтінішінде
көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
29 бап. Жұмысқа қайта алу
Жеке еңбек шарты заңсыз негізде бұзылған не басқа жұмысқа
заңсыз ауыстырылған жағдайда еңбек дауын қарайтын орган
қызметкерді бұрынғы жұмысына алғызуға тиіс.
Жеке еңбек шартының заңсыз бұзылуына байланысты бұрынғы
жұмысына қайта алынған қызметкерге
амалсыздан жұмыссыз
жүрген барлық уақыты, бірақ үш айдан аспайтын уақыт үшін
орташа табысы төленеді.
30 бап. Жеке еңбек шартын тараптардың еркіне
байланысты емес мəн-жайлар бойынша тоқтату
Жеке еңбек шарты тараптардың
еркіне байланысты емес
мынадай мəн-жайлар бойынша:
1) қызметкерді əскери қызметке шақырған кезде құжатын
көрсеткенде үш күн мерзімде;
2) қызметкер жазаға тартылған сот əкімі заңды күшіне енген
жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;
3) қызметкер
қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот
қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп
таныған жағдайда;
4) сот қызметкерді əрекетке қабілетсіз немесе əрекет
қабілеті
шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын
жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуға
тиіс.
Соттың үкімі, шешімі заңды күшіне енген күн немесе қайтыс болған күн
осы баптың 2)-4) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша
еңбек шартының бұзылған күні болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: