өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы
қызметкер бір ай бұрын жазбаша хабардар етілуі тиіс.
2. Еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда жеке еңбек шартына
тиісінше толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Егер қызметкер
жаңа жағдайларда
жұмысты жалғастыруға келіспесе, онымен
жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26 бабының 7
тармақшасына сəйкес бұзылады.
20 бап. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда басқа
жұмысқа уақытша ауыстыру
Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жұмыс берушінің
қызметкерді оның келісімінсіз
бір айға дейінгі мерзімге, еңбегіне
атқаратын жұмыс бойынша, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа
айлық жалақысынан
кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек
шартында келісілмеген жəне оның денсаулық жағдайына зақым
келтірмейтін сол жердегі,
сол ұйымдағы басқа жұмысқа
ауыстыруға құқығы бар.
Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндірістік аварияның алдын
алу немесе оларды жою немесе олардың зардаптарын дереу жою
үшін, жазатайым жағдайларды, іркілісті, мүліктің
жойылуын
немесе бөлінуін болғызбау үшін жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: