56 бап. Демалыс күндері
1. Қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз
демалыс уақыты) беріледі.
2. Бес күндік жұмыс аптасы
жағдайында қызметкерлерге
аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні
беріледі.
3. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік
жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің
актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні
де, əдетте қатарынан беріледі.
4. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сəйкес
келген жағдайда
жəне жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының үкіметі демалыс күндерін
басқа жұмыс
күндеріне ауыстыруға құқылы.
5. Осы Заңның 59 бабында көздеген жағдайларды қоспағанда,
қызметкерді демалыс күндерінде
жұмысқа тартуға оның
келісімімен ғана жол беріледі.
57 бап. Үзіліссіз жұмыс істейтін ұйымдардағы демалыс
күндері
Өндірістік-техникалық жағдайлары
бойынша немесе халыққа
үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті
демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда,
сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін
ұйымдарда жұмыс
берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сəйкес,
қызметкерлердің əрбір тобына демалыс күндері аптаның əртүрлі
күндерінде кезекпен беріліп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: