4. Келіссөздер жүргізілетін уақытқа келіссөздер жөнінде екі
жақты
комиссия құрылады, оған екі жақтан да тең мөлшерде
өкілдер енеді.
33 бап. Ұжымдық шарттың мазмұны жəне міндеттері
1. Ұжымдық шарттың мазмұнын келіссөздер жөніндегі екі
жақты комиссияда тараптар белгілейді.
2. Ұжымдық шарт:
оның қолданылу мерзімі туралы;
орындалуын бақылау тəртібі туралы;
шарт талаптарының орындалмағаны үшін
жауапкершілік
туралы;
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тəртібі туралы ережелерді
қамтиды.
3. Ұжымдық шарттардың ережелері қызметкерлердің құқығын
шектемеуі, еңбек жағдайларын нашарлатпауы жəне
заңдарға
белгіленген кепілдіктерді бұзбауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: