Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет162/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
 
4 Т А Р А У 
 
 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН 
САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ
 
36 бап. Маусымдық қызметкерлер 
1. Табиғи жəне климат жағдайларына байланысты бүкіл 
күнтізбелік жылда емес, алты айдан аспайтын белгілі бір кезең 
(маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық 
қызметкерлер болып табылады. 
2. Маусымдық қызметкерлерге осы Заңның күші олардың жеке 
еңбек шарттарымен реттелмейтін жəне маусымдық жұмыс 
сипатына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 
37 бап. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шартын 
жасасу 


Маусымдық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде 
қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сəйкестігін тексеру 
мақсатымен сынақ белгіленбейді. 
38 бап. Маусымдық жұмысқа жасалған жеке еңбек шартын 
бұзудың негіздері 
1. Маусымдық жұмыстармен айналысатын тараптың екінші 
тарапты бұл туралы бір апта бұрын ескертіп, жеке еңбек шартын өз 
қалауы бойынша мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар. 
2. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмыс 
берушінің бастамасымен (осы Заңда көзделген басқа негіздерді 
қоспағанда), сондай-ақ: 
1) жұмыс берушідегі жұмысты өндірістік сипаттағы себептер 
бойынша екі аптадан астам мерзімге тоқтатқан; 
2) дəлелді себепсіз бір жұмыс күні ішінде жұмыс орында 
болмаған жəне еңбекке уақытша жарамсыздығы себепті бір ай 
бойы жұмыста үздіксіз болмаған жағдайларда да бұзылуы мүмкін. 
39 бап. Үй қызметкерлері 
1. Жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында 
жұмыс істеуге (қызмет көрсетуге) жеке еңбек шартын жасасқан 
қызметкерлер үй қызметкерлері деп танылады. 
2. Жұмыс беруші – жеке тұлғалар мен осы жұмыс берушілерді 
үй шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында 
жұмысты (көрсетілген қызметтерді) орындауға байланысты 
туындайтын өзара қатынастар жеке еңбек шартымен ресімделеді. 
3. Үйде істейтін қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шарты 
тараптардың бірінің бастамасымен кез келген уақытта бұзылуы 
мүмкін. 
4. Үй қызметкерлеріне осы Заңның күші олардың жеке еңбек 
шарт-тарымен реттелмейтін жəне үй қызметкерлері еңбегінің 
сипатына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет