4. Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу,
бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезеңінде өз күшін сақтап қалады.
Кейіннен ұжымдық шарт тараптарының
бірінің бастамасы
бойынша қайта қаралуы мүмкін.
5. Ұйымның меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық
шарттың
қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа
ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың
сақталуы, өзгертілуі жəне толықтырылуы туралы келіссөздер
бастауға құқылы.
6. Ұйым тарапынан жəне ол банкрот деп жарияланған жағдайда
тарату немесе банкроттық туралы тиісті шешім қабылданған кезден
бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
7. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі ішінде оған өзгерістер
мен толықтырулар тараптардың өзара келісуі
бойынша ұжымдық шартта
белгіленген тəртіппен ғана жүргізіледі.
8. Тараптардың өкілдері қызметкерлерді ұжымдық шартпен
таныстырып, оларға орындау барысы
туралы хабарлап отыруға
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: