Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Жұмыс уақытының есебі



Pdf көрінісі
бет166/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

52 бап. Жұмыс уақытының есебі 
1. Жұмыс беруші қызметкердің сол жұмыс берушінің нақты 
жұмыс істеген жұмыс уақытының есебін жүзеге асыруға тиіс. 
2. Өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлерді 
белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс 
уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс істейтін 
ұйымдарда, жекелеген өндірістерде, цехтарда, учаскелерде
бөлімшелерде жəне кейбір жұмыс түрлерінде есепті кезең ішінде 
жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына осы Заңда белгіленген 
қалыпты жұмыс сағаттары мерзімінен аспауға тиіс жағдайда 
жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі. 
3. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы 
немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс аптасы 
сағаттарының нормасынан артық немесе кем болуы мүмкін. 
4. Есепті кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының 
жиынтығы осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болмауы 
мүмкін. 


5. Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде 
қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні 
мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиіс шектегі кезең 
есепті кезең болып танылады. 
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тəртібі жұмыс 
берушінің актілерімен айқындалады жəне ұжымдық шартпен 
белігленеді. 
 
6 Т А Р А У
 
 
ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
 
53 бап. Демалуға жəне тамақтануға арналған үзіліс 
1. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу жəне 
тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем 
болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына 
енгізілмейді жəне қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. 
2. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің 
актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. 
3. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес 
жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу 
мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай 
жұмыстардың тізбесі, демалу жəне тамақтану тəртібі мен орны 
жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет