орындау туралы жеке еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс
істейтін қызметкерлер деп саналады.
2. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге осы Заңның күші
олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтін жəне үйде істейтін
қызметкерлер еңбегінің сипатына қайшы келмейтін бөлігінде
қолданылады.
41 бап. Вахталық əдіспен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі
Вахталық əдіс қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жеріне күн
сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкін
болмайтын, олардың
тұрақты тұратын жерінен тыс жерде еңбек процесін жүзеге
асыруының айрықша нысаны болып табылады.
Жұмыс беруші вахталық əдіспен жұмыс істеуге тартылатын
қызметкерлерді жұмыс жүргізу объектісінде
болған кезеңінде
олардың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тұрғын үймен,
жұмыс орнына апару мен қайтаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ
жұмыстарды орындау мен ауысым арасында демалу үшін
жағдайлар жасайды.
42 бап. Вахтаның ұзақтығы
Объектідегі жұмысты орындау
мен вахталық поселкедегі
ауысым арасындағы демалыс кезеңі күнтізбелік он бес күннен
аспауы керек.
Жұмыс беруші жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығын
ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісім
бойынша отыз күнтізбелік күнге дейін белгілей алады.
43 бап. Вахталық əдіспен жұмыс кезіндегі жұмыс
уақытының есебі
Жұмыстың вахталық əдісі кезінде ай, тоқсан немесе өзге де
неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын
кезең ішіндегі жұмыс
уақытының жиынтық есебі белгіленеді.
Есептік кезең бүкіл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан
жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс
істейтін жерге дейінгі
жолдағы жəне кері қайту жолындағы уақытты, сондай-ақ белгілі
бір күнтізбелік уақыт бөлігіне тиесілі демалыс уақытын қамтиды.
Бұл орайда есептік кезеңі ішіндегі
жұмыс уақытының жалпы
ұзақтығы осы Заңда белгіленген нормадан аспауға тиіс.