Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс
аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті
жұмыстың (аусымның) ұзақтығы
жұмыс берушінің актісімен
немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек
ұжымының пікірін ескеріп
жəне жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып,
жұмыс беруші бекіткен ауысым кестесімен белгіленеді.
Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік
жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік
демалысы
бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс
аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40
сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат
болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда – 4
сағаттан аспауы тиіс.
Бес күндік немесе алты күндік
жұмыс аптасын еңбек немесе
ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: