Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет181/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1 бап. Heгiзгi ұғымдар 
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыссыздық — экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 
бір бөлігінің еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты 
əлеуметтік-экономикалық құбылыс;
2) жұмыссыздар — жұмысы, табысы (кірісі) жоқ, лайықты 
жұмыс іздеп жүрген жəне оған кipiciп кетуге əзір, еңбекке жарамды 
жастағы азаматтар;
3) бос орын — жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);


4) ұзаққа созылған жұмыссыздық — 12 жəне одан да көп айға 
созылған жұмыссыздық;
5) 
жұмыспен 
қамтылу — азаматтардың 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де 
нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке 
қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жəне оларға табыс 
немесе кіріс əкелетін қызметі;
6) табысы аз адамдар — Қазақстан Республикасының заңдарына 
сəйкес атаулы əлеуметтік көмек алуға құқығы бар, еңбекке 
жарамды жастағы адамдар;
7) қоғамдық жұмыстар — атқарушы органдар ұйымдастыратын, 
қызметкердің алдын ала кəсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, 
əлеуметтік пайдалы бағыттағы жəне азаматтарды уақытша 
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту 
мəселелері жөніндегі уəкілетті органдардың жолдамасы бойынша 
олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
8) жұмыспен нəтижелі қамтылу — тұрақты экономикалық өcy 
мен əлеуметтік нəтижені қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу;
9) рантье — негізгі кіріс көзі несиеге берілген ақшадан немесе 
сатып алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып 
табылатын тұлға;
10) еңбек рыногы — экономикалық тұрғыдан белсенді халыққa 
сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
11) өз бетінше жұмыспен айналысушылар — өздеріне кіріс 
əкелетін жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар;
12) еркін таңдап алынған жұмыс — азаматтардың өздерінің 
еңбекке, жұмыс орны мен кəсіпті таңдауға қабілетін еркін 
пайдалану арқылы таңдап алған қызметі;
13) жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғау — осы Заңда жəне өзге 
де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тəртіппен 
мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені;
14) еңбек делдалдығы — уəкілетті органның, сондай-ақ жеке 
жұмыспен қамту агенттігінің жұмысқа орналастыру ісінде халыққа 
көрсететін жəрдемі;
15) жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган - 
жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың 
жұмыспен қамтылуына жəрдемдесу іcін жəне жұмыссыздықтан 
əлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі 
(бұдан əрі — уəкілетті орган);


16) нысаналы топтар — жұмысқа орналасуда қиындық көріп 
жүрген жəне əлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы 
заңмен белгіленген адамдар топтары;
17) орталық атқарушы орган — халықты жұмыспен қамту 
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп 
отыратын мемлекеттік орган;
18) 
жеке 
жұмыспен 
қамту 
агенттігі — Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен тіркелген, 
жұмысқа орналастыруда жəрдем көрсететін кез келген жеке жəне 
заңды тұлға;
19) экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші)— 
еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономикада жұмыспен 
қамтылғандар жəне жұмыссыздар);
20) экономикалық тұрғыдан енжар халық — экономикалық 
тұрғыдан белсенді халықты есепке алу үшін белгіленген жасқа 
толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күші құрамына 
кірмейтін халық, жұмыс істемейтін жəне жұмыс іздемейтін 
азаматтар, оның ішінде: үй шаруасындағы əйелдер, жұмыс істейтін 
мүгедектер, жұмыс істемейтін зейнеткерлер, оқушылар мен 
студенттер, 
күндіз 
оқыту 
нысанындағы 
бөлімдердің 
тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны 
қоса 
алғанда), 
рантье, 
сондай-ақ 
жылжымалы 
немесе 
жылжымайтын мүлікті жалға беруден кіріс алатын өзге де 
тұлғалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет